46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
Ескерту. 46-22-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Ұстау жағдайлары, үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
2. Ұстауға алынған, арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар күзетпен ұсталатындар мен арнаулы қабылдау орындарындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдері күн сайын ведомость бойынша беріледі.
3. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек орналастырылады.
4. Өздеріне қатысты ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
5. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратындарды ұстауға алынған басқа да адамдармен бірге ұстауға болмайды.
6. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда әскери қызметшілерді ұстау режимі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 46-22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы