132-бап. Ұстап алынған адамның жеке басын тiнту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Ұстап алуды жүзеге асыратын адам ұстап алынған адамда қару не қару ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе қолдануға тыйым салынған нәрселер және дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін өзге де нәрселер бар не ол өзiнiң қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығын әшкерелейтін дәлелдемелерден құтылуға әрекет жасайды деп пайымдауға негіз болған жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 255-бабында көзделген қағидаларды сақтай отырып, ұстап алынған адамның жеке басына дереу тiнту жүргiзуге құқылы.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы