610-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын өзгерту немесе оның күшін жою туралы хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын қайта қарауға байланысты кез келген мәселелерді үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің соты шешеді.
2. Шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы өзгертілген немесе оның күші жойылған жағдайда, осы шешімді орындау туралы мәселе осы Кодексте көзделген тәртіппен қарастырылады.
3. Егер шет мемлекет соты үкімінің немесе қаулысының күші жойылса және жаңа сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе жаңа сот талқылауы тағайындалса, қылмыстық іс жүргізуді кейіннен жүргізу туралы мәселені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодекске сәйкес шешеді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы