87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Қамаққа алу түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беру үшін еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.
2. Жазаны өтеу уақытында сотталған адамды кезектi әскери атақ беруге ұсынуға, жоғары тұрған лауазымға тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және, денсаулығына байланысты қызметке жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен шығаруға болмайды.
3. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу уақытында сотталған әскери қызметшілерге ақшалай ризық төленбейді.
Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы