Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшiн тірі адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасасу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрiнеу белгілі адамға қатысты;

      2) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      3) екi және одан да көп адамға қатысты;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      5) бiрнеше рет;

      6) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

      7) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;

      8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

      9) адам өзiнің қызмет бабын пайдалана отырып;

      10) жәбiрленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Транспланттау не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң ағзала...

Толық оқу »

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою 1. Транспланттау не өзге д...

Толық оқу »

ҚК 275-1-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам мәйітінің мүшелері мен тіндерін заңсыз алып қою

ҚК 275-1-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам мәйітінің мүшелері мен тіндерін заңсыз алып қою 1. Трансплантациялау не өзге де пайдалану...

Толық оқу »