Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға меншік құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексі

14-бап. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға меншік құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-бап. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға меншік құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексі 

      1. Тікелей су объектілерінде орналасқан немесе су ресурстарын бассейнаралық ағызуды жүзеге асыратын, иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін және мемлекеттің, халықтың және қоршаған ортаның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мемлекетаралық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар не су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар стратегиялық объектілер болып табылады.

      2. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар мемлекеттік меншікте болады және осы баптың 3-тармағында көзделген су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға берілмейді және иеліктен шығаруға жатпайды.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері немесе олардың элементтері мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығаруға жатпайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

      4. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      5. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар тізбесіне енгізілген, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылысжайлары осы Кодекстің 13-бабының 6-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен. 

14-бап. Теңiз сулары  Қазақстан Республикасының Су Кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.  

      2. алып тасталды  

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы