Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Су сервитуты Қазақстан Республикасының Су кодексі

19-бап. Су сервитуты Қазақстан Республикасының Су кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Су сервитуты Қазақстан Республикасының Су кодексі 

      1. Су объектісін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы су сервитуты деп түсініледі. Су сервитуты қауымдық немесе жеке болуы мүмкін.

      2. Әрбір адам ортақ пайдаланылатын су объектілерін пайдалана алады, мұндай жағдайда қауымдық су сервитуты су объектісін пайдалану құқығының ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Қауымдық және жеке су сервитуттары:

      1) құрылысжайларды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын суару;

      3) балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты жүргізу;

      4) рекреация;

      5) су объектілерін паромдар, қайықтар және басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану мақсаттарында белгіленуі мүмкін.

      4. Жеке су сервитуты шарт негізінде белгіленуі мүмкін.

      Қауымдық және жеке су сервитуттары заңды күшіне енген сот шешімі негізінде де белгіленуі мүмкін.

      5. Су сервитутын жүзеге асыру үшін арнаулы су пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      6. Су объектісіне өту немесе оған бару мақсаттары үшін іргелес жатқан жер учаскелерінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сервитут белгіленуі мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен. 

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі  

      Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi. 

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы