Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы  

       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

      1) автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;  

      2) авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары; 

      3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы - туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құқықтар иесі туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтін техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері;  

      4) авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады; 

      5) авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады; 

      6) айрықша емес құқық - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың немесе өзге құқық иеленушінің тиісті рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушімен бір мезгілде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын пайдалана алатын құқығы;  

      7) айрықша құқық – автордың және (немесе) өзге де құқық иеленушінің туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектісін белгіленген мерзім ішінде кез келген тәсілмен пайдалануды жүзеге асыруға, оған рұқсат беруге және тыйым салуға мүліктік құқығы; 

      8) аккредиттеу - ұжымдық басқару салаларында құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі  ұйымдардың осы Заңда белгіленген заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми тану рәсімі; 

      8-1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      9) Дерекқор - деректер электронды-есептеу машинасының (бұдан әрі - ЭЕМ) көмегімен табылатындай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Дерекқор ұғымы оның көмегімен дерекқордың материалдарына  қол жеткізуді жүзеге асыруға болатын компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) қолданылмайды;  

      10) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;  

      11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туындыны жасаудың бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;  

      12) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін қандай да бір материалдық нысанда жазып алу;  

      13) жалпы жұрттың назарына жеткізу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол жеткізуді жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау;  

      14) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде көпшілікке ұсыну; 

      14-1) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін цифрлық ресурс;  

      15) кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшық арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен хабарлау;  

15-1) компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) – табиғатына орай компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) дайындық материалдарының неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын осындай материалдарды қоса алғанда, машина оқитын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндетті орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, сөздер, схемалар түрінде немесе бейнелеудің кез келген өзге де нысанында көрсетілген командалар жиынтығы; 

      15-2) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыру – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) құрылымын зерделеу және оны кодтау мақсатында объектінің кодын бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл; 

      15-3) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды бейімдеу – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын, компьютерлік бағдарламаларға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға өзгерістер енгізу; 

      15-4) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды түрлендіру (өңдеу) – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;

      16) көпшілік алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай да бір өзге жолмен, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда орындау;  

      17) көпшілікке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тікелей немесе слайд, кино-, телекадр түрінде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегімен немесе кез келген өзге әдіспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың реттілігінен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда көрсету;  

      18) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) – туындыларды кез келген техникалық құралдардың көмегімен, баспа мақсатынсыз жүзеге асырылатын факсимильдік қайта шығару. Техникалық құралдардың көмегімен көшірмелеуді жүзеге асыруға арналған уақытша көшірмелерді жасау жағдайларынан басқа, көшірмелеуге туындыны қайта шығару немесе оның көшірмелерін (оның ішінде цифрлық), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау кірмейді; 

      19) қайта шығару – туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Қайта шығару түрлері дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару), сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау болып табылады; 

      20) құқық иеленуші - авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңда көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;  

      21) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа не фонограммаға не туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбір құқық иеленушіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың кез келген элементі туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткізуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат деп ұғынылады;  

21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі – бірыңғай цифрлық платформа) – сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын цифрлық жүйесі; 

      21-2) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа субъектісі – құқық иеленуші, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым, пайдаланушы, сараптама ұйымы;

      22) құрамдас туынды - материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);  

      23) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тікелей орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың (телерадио хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету;  

      24) орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;  

      25) пайдаланушы - авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын жеке немесе заңды тұлға;  

      26) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тікелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;  

      27) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары;  

      28) сәндік-қолданбалы өнер туындысы - көркем кәсіпшілік туындысын немесе өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде пайдаланылатын заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер туындысы;  

      29) спектакльді қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам;  

      30) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде білдіру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилін де бұрмаламайтын болуға тиіс;  

      31) туындының данасы – туындының кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде дайындалған көшiрмесi; 

      32) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың келісімімен жүзеге асыру;  

      33) туындыны өңдеу - түпнұсқа туындыны бір жанрдан екінші жанрға өзгерту. Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлері болып табылады;  

      34) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған туынды;  

      35) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;  

      36) фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру;  

      37) фонограмманың данасы – фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бір бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткізгіштегі, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желілердегі фонограмма көшiрмесi; 

      38) фонограмма шығарушы - қайсыбір орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті мойнына алған жеке немесе заңды тұлға;  

      39) халық шығармашылығы туындысы - дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар) тән элементтерді қамтитын туынды;  

      40) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама олардың неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын дайындық материалдарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндеттерді орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін сөздер, схемалар немесе бейнелеудің өзге де кез келген түрінде бейнеленген командалар жиынтығы;  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      41) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік кодты бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      42) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны бейімдеу - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      43) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендіру (өңдеу) - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII ҚРЗ 

      44) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетуді немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерік арқылы эфирге беру кезінде жердегі станциядан жерсерікке сигналдар қабылдау және жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру деп түсініледі, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код белгіленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады;  

      45) эфирге (ретрансляциялауды қоса алғанда) кейінгі беру - бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін қайталап беру; 

      45-1) эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдары – туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы қамтитын теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды (теле-, радио хабарларды) эфирге (ретрансляциялауды қоса алғанда) және (немесе) кабель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Эфирге (ретрансляциялауды қоса алғанда) және (немесе) кабель арқылы хабарлау ұқсас эфирлік, көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, спутниктік, кабельдік телерадио хабарларын тарату) арқылы жүзеге асырылады. 

      46) эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабары - эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының өзі жасаған, сондай-ақ соның қаражаты есебінен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар.  

 

 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайда...

Толық оқу »

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы  5-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұз...

Толық оқу »

184-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу

184-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу 1. Егер бұл әрекет авторға немесе өзге де құқық иеленушіге...

Толық оқу »

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағ...

Толық оқу »

7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:      1...

Толық оқу »

47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Құқықтарды ұжымды...

Толық оқу »

15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:     ...

Толық оқу »

986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары...

Толық оқу »

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны...

Толық оқу »

47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Құқықта...

Толық оқу »

22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Заңды түрде жарияланған музыкалық туынд...

Толық оқу »

987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы...

Толық оқу »

29-бап. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

29-бап. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық...

Толық оқу »

9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың презумпциясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың презумпциясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04...

Толық оқу »

48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін   пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1...

Толық оқу »

23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар үшiн көшiрмелеу  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар үшiн көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай...

Толық оқу »

20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төле...

Толық оқу »

31-бап. Мүлiктiк құқықтың берiлуi. Авторлық шарт  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

31-бап. Мүлiктiк құқықтың берiлуi. Авторлық шарт Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Автордың осы Заңның 16-бабында аталған мүлiктiк құқықтары толық неме...

Толық оқу »

9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы 9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII...

Толық оқу »

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

3-бап. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Қазақстан Республикасының авторлық...

Толық оқу »

40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық н...

Толық оқу »

14-бап. Қызметтiк туындыларға авторлық құқық  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

14-бап. Қызметтiк туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын...

Толық оқу »

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Туынды авторының, орындаушы...

Толық оқу »

25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы       Эфирге хабар та...

Толық оқу »

985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi Гражданского кодекса Республики Казахстан

985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi Гражданского кодекса Республики Казахстан Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хаб...

Толық оқу »

17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туынды...

Толық оқу »

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы...

Толық оқу »

988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тар...

Толық оқу »

21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындыны бейнелеу қайта шығарудың...

Толық оқу »

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық...

Толық оқу »

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқ...

Толық оқу »

28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жет...

Толық оқу »

989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойыл...

Толық оқу »

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы...

Толық оқу »

47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Фонограмма авторларының, орындаушы...

Толық оқу »

30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.      2. Авторлық құқық мұраг...

Толық оқу »

Бірнеше адам иеленуге үміткер объектілерге қатысты авторлық және сабақтас құқықтарға дау айту туралы талап-арыздар

Бірнеше адам иеленуге үміткер объектілерге қатысты авторлық және сабақтас құқықтарға дау айту туралы талап-арыздар Авторлық құқық олардың мақсатына, мазмұны мен қадір-қаси...

Толық оқу »

27-бап. Туындыларды жеке мақсатта шет елге шығару  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

27-бап. Туындыларды жеке мақсатта шет елге шығару Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Шетке шығарылған жағдайда республиканың ұлттық мүдделерiне зиян келтiр...

Толық оқу »

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Автордың...

Толық оқу »

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұй...

Толық оқу »

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:      1) о...

Толық оқу »

Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсанда...

Толық оқу »

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналға...

Толық оқу »

40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Орындауларды немесе ф...

Толық оқу »

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы  2-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы2-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:      1) Қазақстан Рес...

Толық оқу »

12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жа...

Толық оқу »

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздар

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздарАвторлық, сабақтас құқық объектілерін заңсыз...

Толық оқу »

46-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

46-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. құқықтарды ұжымдық басқару жөнін...

Толық оқу »

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан...

Толық оқу »

13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):      1) сцен...

Толық оқу »

47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Құқықтарды...

Толық оқу »

45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформан...

Толық оқу »

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:      1) құқықтарды т...

Толық оқу »

11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығ...

Толық оқу »