Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 29 мамырдағы № 5-VIII ҚРЗ. 

       2021 жылғы 12 қарашада жасалған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының 

 

Президенті 

Қ. ТОҚАЕВ 

  

Бейресми аударма 

 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 

      зияткерлік меншік саласындағы халықаралық құқықтың қазіргі талаптарын ескере отырып, авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігін ұғына отырып, 

      ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды дамыту жағдайында авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды қорғау жүйесін жетілдірудің маңыздылығын ескере отырып, 

      ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану мәселелерінің жеткіліксіз реттелуіне байланысты алаңдаушылық білдіре отырып, 

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 

      Тараптар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын ұғына отырып, 

      1993 жылғы 24 қыркүйектегі Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөнінде мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімді негізге ала отырып, 

      2017 жылғы 26 мамырдағы Контрафактілі өнімді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ 1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының (1979 жылғы 28 қыркүйектегі өзгерістермен, бұдан әрі - Берн конвенциясы), 1971 жылғы 29 қазандағы Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенцияның, 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияның, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің, 1996 жылғы 20 желтоқсандағы Дүниежүзілік зняткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) авторлық құқық жөніндегі шартының (АҚЖШ), 1996 жылғы 20 желтоқсандағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) орындаушылықтар мен фонограммалар жөніндегі шартының (ОФШ), 2012 жылғы 24 маусымдағы Аудиовизуалды орындаулар жөніндегі Пекин шартының, сондай-ақ 2013 жылғы 27 маусымдағы Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті шектеулі өзге де адамдардың жарияланған шығармаларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартының ережелерін назарға ала отырып, 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап 

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер өздері қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншік саласындағы халықаралық шарттардың кіріспесінде көрсетілген талаптарға сәйкес ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемелерін растайды. 

      Көрсетілген халықаралық шарттардың қатысушылары болып табылмайтын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер олардың қағидаттарын ұстануға немесе оларға қосылуға ұмтылатын болады. 

 2-бап 

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы іс-қимыл тетіктерін құруға бағытталған шараларды әзірлейді және оларды іске асырады. 

 3-бап 

      Осы Келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасын басшылыққа ала отырып, мынадай: 

      өз мемлекеттерінің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтауға және қорғауға қатысты бөлігінде жетілдіру; 

      техникалық қорғау құралдарын қолдануды қоса алғанда, ақпараттық- телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; 

      Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдарының құқық иеленушілермен ынтымақтастығын тереңдету; 

      Тараптардың уәкілетті (құзыретті) органдары арасында ақпараттық- телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу; 

      осы тақырып бойынша оқу, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен тұрақты негізде алмасуды қамтамасыз ету; 

      осы тақырып бойынша семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, оның ішінде бірлескен зерттеулер өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады. 

 4-бап 

      Тараптар авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің өздеріне тиесілі авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықты пайдаланатынын таниды. 

 5-бап 

      Тараптар Берн конвенциясына, ОФШ мен АҚЖШ-қа сәйкес осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген шектеулер мен алып қоюлардың ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға қолданылуы мүмкін екендігімен келіседі. Бұл ретте Тараптар белгілі бір ерекше жағдайларда авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін қалыпты пайдалануға зиян келтірмейтін және авторлар мен құқық иеленушілердің заңды мүдделеріне негізсіз түрде нұқсан келтірмейтін, авторларға және өзге де құқық иеленушілерге берілетін құқықтарға өзге де шектеулерді және олардан алып қоюларды белгілеуге құқылы. 

 6-бап 

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер үшін ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану деп мыналар түсініледі: 

      қайта шығару (Берн конвенциясының 9-бабы, ОФШ-ның 7 және 11-баптары мағынасында); 

      тарату (АҚЖШ-тың 6-бабы, ОФШ-ның 8 және 12-баптары мағынасында); 

      хабарлау және (немесе) жалпы жұрттың назарына жеткізу (АҚЖШ-тың 8-бабы, ОФШ-ның 10 және 14-баптары мағынасында). 

 7-бап 

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер үшін авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін хабарлау және (немесе) жалпы жұрттың назарына жеткізу мыналарды, атап айтқанда: 

      авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін интернет-ресурстар арқылы берілетін радио- және (немесе) телевизиялық бағдарламалар құрамында пайдалануды; 

      авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте кез келген адам осындай объектілерге кез келген жерден және кез келген уақытта өз қалауы бойынша қол жеткізе алатындай оларға қолжетімділікті беру арқылы пайдалануды қамтиды. 

 8-бап 

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық қорғауды көздеудің және құқық иеленушілер пайдаланатын және авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты олардың құқық иеленушілері рұқсат етпеген әрекеттердің жүзеге асырылуын шектейтін, қолданыстағы техникалық құралдарды айналып өтуден құқықтық қорғаудың тиімді құралдарын қамтамасыз етудің қажеттігімен келіседі. 

 9-бап 

      Тараптардың осы Келісімнің ережелерін іске асыру бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органына - Зияткерлік меншікті құқықтық сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңеске жүктеледі. 

 10-бап 

      Тараптар осы Келісімнің ережелерін іске асыру бойынша ынтымақтастықты осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдары арқылы жүзеге асырады. 

      Тараптар өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдарының тізбесін айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны тапсыру кезінде бұл жөнінде депозитарийге хабарлайды. Уәкілетті (құзыретті) органдар тізбесінің өзгеруі туралы Тараптардың әрқайсысы бір ай ішінде дипломатиялық арналар арқылы депозитарийді жазбаша хабардар етеді. 

 11-бап 

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз етуді Тараптар уәкілетті (құзыретті) органдарға өз функцияларын орындауына ұлттық бюджеттерде көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырады. 

 12-бап 

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

 13-бап 

      Тараптар арасында осы Келісімді қолдану мен түсіндіру кезінде туындайтын даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен немесе Тараптар келіскен басқа да рәсім арқылы шешіледі. 

 14-бап 

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 

 15-бап 

      Осы Келісім ол күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық. 

      Қосылушы мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 

 16-бап 

      Осы Келісім шектелмеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге осы Келісімнен шыққанға дейін алты айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып және Келісімнің қолданысы кезінде туындаған міндеттемелерді реттей отырып, одан шығуға құқылы. 

      2021 жылғы 12 қарашада Бішкек қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді. 

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін 
      Армения Республикасының Үкіметі үшін 
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін 
      Молдова Республикасының Үкіметі үшін 
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін 
      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Түрікменстан Үкіметі үшін 
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Украина Үкіметі үшін 

 2021 жылғы 12 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімге ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ 

      Келісімнің ережелерін Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы жанжалдың салдарлары толық жойылғанға және қатынастар қалыпқа келтірілгенге дейін Әзербайжан Республикасы Армения Республикасына қатысты қолданбайтын болады. 

      Әзербайжан Республикасының 

 

Премьер-Министрі 

Али Асадов 

 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім 2021 жылғы 12 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесінің шешіміне АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ 

      ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім туралы шешіміне Әзірбайжан Республикасының ескертпесінің ұсынылуына байланысты Армян тарапы мынаны атап өту қажет деп санайды. 

      Армения Республикасы Келісімнің ережелерін Әзербайжан Республикасының Арцах Республикасына қарсы әскери агрессиясының салдары толық жойылғанға дейін және нагор-карабах қақтығысын БҰҰ Жарғысында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен шешкенге дейін Әзербайжан Республикасына қатысты қолданбайтын болады. 

      Армения Республикасы 

 

Вице-премьері 

М.Г. Григорян 

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2021 жылғы 12 қарашада бейнеконференц байланысты қолдану арқылы өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыды аталған Келісімнің түпнұсқасы данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. 

      Атқару Комитеті төрағасының 

 

Бірінші орынбасары - 

ТМД Атқарушы хатшысы 

Л.В. Анфимов 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

198-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайда...

Толық оқу »

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы  5-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұз...

Толық оқу »

184-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу

184-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу 1. Егер бұл әрекет авторға немесе өзге де құқық иеленушіге...

Толық оқу »

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағ...

Толық оқу »

7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:      1...

Толық оқу »

47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-1-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Құқықтарды ұжымды...

Толық оқу »

15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:     ...

Толық оқу »

986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары...

Толық оқу »

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны...

Толық оқу »

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) автор - шығарма...

Толық оқу »

47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Құқықта...

Толық оқу »

22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Заңды түрде жарияланған музыкалық туынд...

Толық оқу »

987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы...

Толық оқу »

29-бап. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

29-бап. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық...

Толық оқу »

9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың презумпциясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың презумпциясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04...

Толық оқу »

48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін   пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1...

Толық оқу »

23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар үшiн көшiрмелеу  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар үшiн көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай...

Толық оқу »

20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төле...

Толық оқу »

31-бап. Мүлiктiк құқықтың берiлуi. Авторлық шарт  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

31-бап. Мүлiктiк құқықтың берiлуi. Авторлық шарт Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Автордың осы Заңның 16-бабында аталған мүлiктiк құқықтары толық неме...

Толық оқу »

9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы 9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

3-бап. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Қазақстан Республикасының авторлық...

Толық оқу »

40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық н...

Толық оқу »

14-бап. Қызметтiк туындыларға авторлық құқық  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

14-бап. Қызметтiк туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын...

Толық оқу »

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Туынды авторының, орындаушы...

Толық оқу »

25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы       Эфирге хабар та...

Толық оқу »

985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi Гражданского кодекса Республики Казахстан

985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi Гражданского кодекса Республики Казахстан Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хаб...

Толық оқу »

17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туынды...

Толық оқу »

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы...

Толық оқу »

988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тар...

Толық оқу »

21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындыны бейнелеу қайта шығарудың...

Толық оқу »

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық...

Толық оқу »

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқ...

Толық оқу »

28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жет...

Толық оқу »

989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойыл...

Толық оқу »

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы...

Толық оқу »

47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Фонограмма авторларының, орындаушы...

Толық оқу »

30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.      2. Авторлық құқық мұраг...

Толық оқу »

Бірнеше адам иеленуге үміткер объектілерге қатысты авторлық және сабақтас құқықтарға дау айту туралы талап-арыздар

Бірнеше адам иеленуге үміткер объектілерге қатысты авторлық және сабақтас құқықтарға дау айту туралы талап-арыздар Авторлық құқық олардың мақсатына, мазмұны мен қадір-қаси...

Толық оқу »

27-бап. Туындыларды жеке мақсатта шет елге шығару  Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

27-бап. Туындыларды жеке мақсатта шет елге шығару Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Шетке шығарылған жағдайда республиканың ұлттық мүдделерiне зиян келтiр...

Толық оқу »

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Автордың...

Толық оқу »

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұй...

Толық оқу »

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:      1) о...

Толық оқу »

Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсанда...

Толық оқу »

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналға...

Толық оқу »

40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төмен мөлшерлемелері Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      Орындауларды немесе ф...

Толық оқу »

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы  2-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы2-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:      1) Қазақстан Рес...

Толық оқу »

12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жа...

Толық оқу »

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздар

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздарАвторлық, сабақтас құқық объектілерін заңсыз...

Толық оқу »

46-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

46-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. құқықтарды ұжымдық басқару жөнін...

Толық оқу »

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан...

Толық оқу »

13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):      1) сцен...

Толық оқу »

47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

47-2-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Құқықтарды...

Толық оқу »

45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформан...

Толық оқу »

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:      1) құқықтарды т...

Толық оқу »

11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы      1. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығ...

Толық оқу »