264-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету –
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу –
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы