414-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға азайтылады:
1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 399-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынатын) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілген, салықтық кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан кем құрайтын мөлшерлемені қолдана отырып есептелген төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 413-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбаса, пайдаланылады;
2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама:
Сш = К х(Км-Тм) / 100%, мұнда:
Сш – осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық;
К – дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған кіріс немесе салық салынатын кіріс;
Км – бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен 10 пайыздан кем құрайтын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт – осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға жататын пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе өзге де шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).
Егер резидент осы Кодекстің 413-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және егер корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен артық болса, осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі пайдаланылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент-жеке тұлғада мынадай:
резиденттің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығы ұстап қалынғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылғанын растайтын;
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістің немесе салық салынатын кірістің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынатын) қаржылық пайдасына енгізілгенін растайтын, шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліне аударыла отырып) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың);
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданған кезде осы Кодекстің 346-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
414-бап. Баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналымды жасау күнінен бұрын жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін өткізу бойынша айналымның мөлшері және қосылған құн салығының тиісті сомасы жеке көрсетіледі.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы