53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе тарату осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі борышкердің немесе кредитордың сотқа берген, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, өзге де адамдардың өтінішінің негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
3. Заңды тұлғаны оңалту және оның банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы