Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес айқындалады. 

     2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті. 

     Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына мынадай құжаттарды ұсынады: 

     1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттеменің орындалғанын растайтын өзге де төлем құжаты немесе осы Кодекстің 525-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттар. 

     Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төленген сомаларды салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің басқа да түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды. 

     Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартында (келісімшартында) көзделген, есепті салықтық кезеңге тура келетін лизингтік төлемнің мерзімі бойынша осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылады; 

     2) тауарлардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар (егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері, оның ішінде тауарларды көлік құралдарын пайдаланбай өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында осы құжаттарды ресімдеу көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды); 

     3) егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасында ұсынылуы (жазып берілуі) көзделсе, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар. 

     Егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасында шот-фактураны ұсыну (жазып беру) көзделмеген болса не тауарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, шот-фактураның орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады; 

     4) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды сатып алуға негіз болған шарттар (келісімшарттар), тауарлар (лизинг нысаналары) лизингі жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар); 

     5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, ЕАЭО-ға мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және мөрімен куәландырылған, ЕАЭО-ға мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және ЕАЭО-ға мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған импортталған тауарды сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мынадай:  

     тұлғаны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіретін нөмір; 

     ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның, дара кәсіпкердің) атауы; 

     ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тұрған (тұрғылықты) жері; 

     келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні; 

     өзіндік ерекшеліктің нөмірі мен күні туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық хабар (осы Кодекстің 528-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда). 

     Егер тауар сатып алынатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізілетін тауардың меншік иесі болмаса (комиссионер, сенім білдірілген өкіл болып табылса), онда осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші – алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне де қатысты ұсынылады. 

     Ақпараттық хабар шет тілінде ұсынылған жағдайда, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті. 

     Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылса, ақпараттық хабар ұсынылмайды; 

     6) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда); 

     7) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды сатып алуға негіз болған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген өкіл төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 528-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда). 

     Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады. 

     Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған көшірмелері ұсынылуы мүмкін. 

     Бұл ретте құжаттардың көрсетілген көшірмелері соңғы парағында парақтардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағында салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде ұсынылуы мүмкін. 

     Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады. 

     Лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салықтық базаны көрсетпейді. 

     Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленсе, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. 

     Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады. 

     3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда мыналар ұсынады: 

     1) осы Кодекстің 525-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 509-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлей отырып, тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар; 

     2) осы Кодекстің 533-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салық төлеуші. 

     4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. 

     Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды. 

     5. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. 

     Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. 

     6. Тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады. 

     Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі. 

     7. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады. 

     Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді. 

     Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүргізеді. 

     8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіште уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді. 

     Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысанда уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді. 

     9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынуға міндетті. 

     10. Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей электрондық нысанда ұсынылады. 

     Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі. 

     Бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылатын қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны ұсыну (жазып беру) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі    

      Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 62, 63 және 64-тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады. 

       Осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады. 

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскесі: 

       салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғынжай және басқа да объектілер алып жатқан; 

      тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген шарттар бір мезгілде сақталған кезде мұндай учаске кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды. 

      Ескерту. 530-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:   ...

Толық оқу »

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол берме...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда Уағдаласышы Мемлекеттер атынан қол қойылған Табысқа және мүлiк құнының өсуiне қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенциядағы өзгерiстер туралы Хаттаманы бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда Уағдаласышы Мемлекеттер атына...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны ра...

Толық оқу »

280-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен қалған бөліктерді орналастыру кезінде оларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

280-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жа...

Толық оқу »

Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi ара...

Толық оқу »

Салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты декларацияларға және басқа құжаттарға, кәсіпорынның кірістері мен шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы мемлекеттік бюджетке салық төлеуден жалтару, бұл аса ірі мөлшерде салық төлемеуге әкеп соқтырды

Салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты декларацияларға және басқа құжаттарға, кәсіпорынның кірістері мен шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасының Үкiметi арасындағы қосарланған салықты жою және табыс пен капиталға салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау жөнiндегi Конвенцияны бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасының Үкiметi арасындағы қосарланған салықты жою және табыс пен капиталға салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау жөнiнде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Қос салық салуды жою және табыс пен мүлiк құнының өсiмiне салынатын салықты төлеуден жалтаруды болғызбау туралы конвенцияны бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Қос салық салуды жою және табыс пен мүлiк құнының өсiмiне салына...

Толық оқу »

245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Декларац...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бер...

Толық оқу »

244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтың деклараци...

Толық оқу »

604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Жеке тұлғалардың осы Кодекстің 599-бабының 1) та...

Толық оқу »

6-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу тәртібіне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

6-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу тәртібіне байланысты ұғымдарҚазақстан Республикасының Салық кодексі      Салықтар мен бюджетке төленетін төлем...

Толық оқу »

Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы конвенцияны бекiту туралы

Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы конвенцияны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы табыс пен мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы табыс пен мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу турал...

Толық оқу »

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға әрекет жасауға жәрдемдесу

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға әрекет жасауға жәрдемдесуАстана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотының 2018 жылғы 29...

Толық оқу »

Табысқа және капиталға салық салуда қосарланған салықты жою және салық төлеуден жалтаруды болғызбау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Конвенцияны бекiту туралы

Табысқа және капиталға салық салуда қосарланған салықты жою және салық төлеуден жалтаруды болғызбау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi...

Толық оқу »

200-бап. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларға, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен ұсақ-түйек қалдықтарға қатысты оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

200-бап. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларға, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу т...

Толық оқу »

Алматыда салық даулары, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және уақтылы төлеу бойынша Адвокат

Алматыда салық даулары, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және уақтылы төлеу бойынша Адвокат1-бөлік АІЖК-нің 292-бөлігі бола отырып, прок...

Толық оқу »

567-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

567-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Заңды тұлғалар салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін кү...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол...

Толық оқу »

Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Канада Үкiметiнiң арасындағы конвенцияны бекiту туралы

Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Канада Үкiметiнiң арасындағы конве...

Толық оқу »

Декларацияға кірістер туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу, басқа салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтару

Декларацияға кірістер туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу, басқа салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтаруАстана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотын...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол берме...

Толық оқу »

593-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан

593-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану...

Толық оқу »

585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексі

585-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық бойынша есептілік ұсынудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексі      1. Бiрнеше салық т...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы табысқа және капиталға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы табысқа және капиталға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы ко...

Толық оқу »

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойынша

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойыншаМұндай қорытындыны Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сатыдағы соты 2016 жы...

Толық оқу »