629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осындай төлемақыны төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулауды жүргізу кезінде жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Жабайы жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемесі, бір дара нұсқасы үшін (АЕК) | |
кәсіпшілік аң аулау | әуесқойлық және спорттық аң аулау | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: |
|
|
1.1. | бұлан (еркегі) | - | 16 |
1.2. | бұлан (ұрғашысы) | - | 11 |
1.3. | бұлан (бір жасар төлі) | - | 6 |
1.4. | марал (еркегі) | - | 13 |
1.5. | марал (ұрғашысы) | - | 7 |
1.6. | марал (бір жасар төлі) | - | 4 |
1.7. | аскания бұғысы (еркегі) | - | 9 |
1.8. | аскания бұғысы (ұрғашысы) | - | 5 |
1.9. | аскания бұғысы (бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.10. | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 4 |
1.11. | елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.12. | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі) | - | 3 |
1.13. | елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 2 |
1.14. | сiбiр тау ешкiсi (текесі) | - | 4 |
1.15. | сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3,5 |
1.16. | құдыр | - | 2 |
1.17. | қабан (еркегі) | - | 4 |
1.18. | қабан (ұрғашысы, бір жасар төлі) | - | 3 |
1.19. | киiк (еркегі) | 4 | 5 |
1.20. | киiк (ұрғашысы, бір жасар төлі) | 3 | 4 |
1.21. | қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа) | - | 14 |
1.22. | өзен құндызы, кәмшат (ортаазиялықтан басқа) | 1 | 2 |
1.23. | бұлғын | 2 | 4 |
1.24. | суырлар (Мензбир суырынан басқа) | 0,060 | 0,12 |
1.25. | ондатр | 0,045 | 0,9 |
1.26. | борсық, түлкi | 0,10 | 0,20 |
1.27. | қарсақ | 0,045 | 0,10 |
1.28. | америкалық су күзенi | 0,12 | 0,25 |
1.29. | сiлеусiн (Түркiстан сілеусінінен басқа) | - | 0,45 |
1.30. | қояндар (құмқоян, орқоян, ақ қоян) | 0,010 | 0,045 |
1.31. | жанат тектес ит, шайқағыш жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн | 0,020 | 0,35 |
1.32. | саршұнақ (құм саршұнағы) | 0,015 | 0,025 |
1.33. | қасқыр | 0 | 0 |
1.34. | шибөрі | 0 | 0 |
2. | Құстар |
|
|
2.1. | маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) | 0,015 | 0,030 |
2.2. | саңырау құр | - | 0,15 |
2.3. | құр | - | 0,055 |
2.4. | Гималай ұлары | - | 0,20 |
2.5. | қырғауыл | 0,020 | 0,060 |
2.6. | қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз | 0,020 | 0,045 |
2.7. | үйректер* (сарыалақаз, италақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, бізқұйрық сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, мамыққаз, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық) | 0,010 | 0,020 |
2.8. | қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен түркептер), шалшықшылар (күржікей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азиялық тауқұдiрет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ) | 0,005 | 0,010 |
2.9. | бөдене | 0,005 | 0,010 |
Ескертпе.
*Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа.
3. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Су жануарларының түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дара нұсқасы үшін | бір килограм үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Кәсіпшілік, ғылыми және өсімін молайту мақсаттарында: |
|
|
1.1. | бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай, Сiбip бeкipeci, Сырдария тасбекiресi) |
| 0,064 |
1.2. | майшабақтар (қарынсау, бражников шабағы, қаражон), тікендi балық, камбала, шабақ |
| 0 |
1.3. | албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус, Каспий албырты, Арал албырты, таймень, сылан, ақбалық) |
| 0,017 |
1.4. | ақсақа балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян |
| 0,012 |
1.5. | қаракөз |
| 0,004 |
1.6. | итбалық | 1,93 |
|
1.7. | ірi балықтар: |
|
|
1.7.1. | ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке, күтiм, шортан тектес ақмарқа (тазбалық), Арал қаязы, Түркiстан қаязы |
| 0,013 |
1.8. | ұсақ балықтар: |
|
|
1.8.1. | табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және Талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, қарабалық, Іле қарабалығы (Іле популяциясы), Шу сүйрiкқанаты, Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясы), шатқалдық тас тасалағыш, Волга көп аталықты майшабағы |
| 0,004 |
2. | Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде: |
|
|
2.1. | алып қоя отырып: |
|
|
2.1.1. | ірі балықтар |
| 0,017 |
2.1.2. | қортпа |
| 6,5 |
2.1.3. | бекіре тұқымдас балықтар |
| 5,5 |
2.1.4. | ақсақа, албырт балықтар |
| 0,042 |
2.1.5. | ұсақ балықтар |
| 0,008 |
2.1.6. | шаян | 0,008 |
|
2.2. | "ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде: |
|
|
2.2.1. | ірі балықтар |
| 0,1 |
2.2.2. | бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай) | 4,97 |
|
2.2.3. | ақсақа және албырт балықтар |
| 0,27 |
2.2.4. | ұсақ балықтар |
| 0,068 |
4. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулаудан және балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
бір дара нұсқасы үшін | бір килограм үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүтқоректілер: |
|
|
1.1. | шұбар мысық немесе дала мысығы | 0,030 | - |
1.2. | қарақас | 0,015 | - |
2. | Құстар: |
|
|
2.1. | кiшкене, қарамойын, қызылмойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және қошқыл құтан | 0,010 | - |
2.2. | үлкен аққұтан | 0,015 | - |
2.3. | маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшарлаған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, сауысқан, бұлыңғыр, бөрте балшықшы, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжағал қалытқы, ақтамақ қалытқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылтөс құмдауық, қаратөс құмдауық, бізқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шабындық және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайызторғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, нәзіктұмсықты, сұр, сор, дала бозторғайы, қостеңбілді, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, шабындық бозторғайы, үнді бозторғайы), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық | 0,005 |
|
2.4. | қаршыға | 0,010 |
|
2.5. | қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары | 0,045 |
|
3. | Бауырымен жорғалаушылар: |
|
|
3.1. | Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы | 0,020 | - |
3.2. | ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз | 0,010 | - |
3.3. | бозша жылан | 0,045 | - |
3.4. | өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы | 0,035 | - |
3.5. | көлбақа | 0,005 | - |
4. | Омыртқасыз су жануарлары: |
|
|
4.1. | артемия (цисталар) | - | 0,045 |
4.2. | гаммарус, шашақ мұрт шаяндар | - | 0,010 |
4.3. | сүлiктер | - | 0,030 |
4.4. | басқа да су омыртқасыздары мен цисталар | - | 0,005 |
4.5. | артемия | - | 0,0043 |
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу алымды төлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
4. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке консулдық әрекеттер жүзеге асырылатын жер бойынша немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Консулдық алым қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, консулдық алымның осы сомасын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын мемлекеттің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.
6. Шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме олар қабылданған күннен бастап операциялық он күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің шетелдік банкіне шетелдік банктік шотқа есепке жатқызу үшін тапсырады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі орналасқан мемлекеттің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды шетелдік банк дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, Канада долларына, жапон иеніне, Ресей рубліне, Қытай юаніне айырбастайды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.
Шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына одан әрі бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге консулдық алымдардан түсетін ай сайынғы түсімдер 1 000 АҚШ долларынан аз болса, оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі баламасын құраса, аудару тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен шетелдік валютадағы корреспондеттік шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлем құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
7. Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Ескерту. 629-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы