7-бап. Роялти Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, роялти – мыналар:
1) пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
2) авторлық құқықтарды, сызбаларды немесе модельдерді пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
3) патенттерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
4) бағдарламалық қамтылымды дамытуға қатысы жоқ қателерді, ақауларды түзетуге, осындай бағдарламалық қамтылымды пысықтап жетілдіруді жүзеге асыруға арналған нұсқаларды қоспағанда, осындай бағдарламалық қамтылымның нұсқасын жаңарту бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, бағдарламалық қамтылымды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
5) "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
"Ноу-хау" – коммерциялық құндылығы бар және кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық немесе өзге де сипаттағы құпия ақпарат;
6) кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыстық жазбаны немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
7) сауда, ғылыми-зерттеу және (немесе) өнеркәсіптік жабдықтарды, оның ішінде теңіз кемелерін немесе әуе кемелерін (экипажсыз жалға алынатын кемелерді қоспағанда) пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.
2. Зияткерлік меншік объектісіне мүліктік (айрықша) құқықтарды толық іске асырғаны үшін төленетін төлем роялти болып танылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
7-бап. Салық салудың әділдігі қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салықтық жеңілдіктерді беруге тыйым салынады.
3. Ешкімге де сол бір кезең үшін сол бір салық салу объектісі бойынша салықтың сол бір түрімен, бюджетке төленетін төлемнің сол бір түрімен қайтадан салық салуға болмайды.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы