Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiнде мыналар қамтылуға тиіс: 

      1) эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат; 

      2) эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер; 

       3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осы Заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары, олар бар болса; 

      4) ковенанттар (шектеулер), олар бар болса (акциялар шығарылымы проспектісін қоспағанда); 

      5) эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде); 

      6) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша); 

      7) облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы; 

       8) эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер;  

      9) эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер (акциялар шығарылымының проспектісін қоспағанда); 

      10) эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері; 

      11) эмитент туралы және ол орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша мәліметтер. 

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды олар туындаған немесе эмитенттің немесе облигацияларды ұстаушылардың тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

      3. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде: 

      1) орналастырылған (сатып алынғандарын қоспағанда) облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленетін ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген кезде; 

      2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигациялар ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын дербес иеленген екі және одан көп тұлға болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигациялар ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан көп пайызы дауыс берген кезде жүзеге асырады. 

      Осы тармақтың талабы қаржы ұйымдарына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды. 

       4. Эмитент:  

      1) орналастырылған акциялар санын азайтуды көздейтін акциялар шығарылымының проспектісіне; 

      2) жарияланған облигациялар санын ұлғайтуды көздейтін мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы емес. 

      5. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар шығарылымының проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында белгіленеді. 

      6. Ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісуге жатады. 

      Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірілетін жағдайларда, ислам бағалы қағаздары шығарылымының проспектісінде белгіленген ислам бағалы қағаздарын орналастыру, айналысы және өтеу шарттарын өзгертуге құқылы емес. 

       7. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiн (облигациялық бағдарлама проспектiсiн), мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.  

      8. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi (облигациялық бағдарлама проспектiсi) уәкiлеттi органға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетел валютасында номиналданған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектiсi уәкілетті органға ағылшын тілінде қосымша ұсынылады. 

      9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларға қолданылмайды. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы. 

          Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы...

Толық оқу »

28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртiбi  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртiбiБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы б...

Толық оқу »

10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық б...

Толық оқу »

15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингіҚаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы      1...

Толық оқу »

29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұруБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:      1) инвесторл...

Толық оқу »

23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртiбi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiле...

Толық оқу »

26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлауБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздард...

Толық оқу »

40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Орталы...

Толық оқу »

27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк т...

Толық оқу »

261-бапқа түсініктеме. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін бұзуы

261-бапқа түсініктеме. Эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқы...

Толық оқу »

22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы  қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру  шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің  аумағында бағалы қағаздарды орналастыру  қорытындылары туралы хабарлама Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды о...

Толық оқу »

21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығыБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде...

Толық оқу »

261-бап. Эмитенттiң мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртiбiн бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

261-бап. Эмитенттiң мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртiбiн бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Респу...

Толық оқу »

26-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы  қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

26-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы За...

Толық оқу »

224-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

224-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне көрiн...

Толық оқу »

22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртiбi  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртiбiБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру о...

Толық оқу »

202-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару тәртібін бұзу

202-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару тәртібін бұзу Көрінеу анық емес ақпаратты қамтитын эмиссиялық...

Толық оқу »

25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкiлеттi орган:      1) эмитент акционерлік қоғамның акцияларын орна...

Толық оқу »