10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган шығарылымды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
2. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы