23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртiбi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
2. Облигацияларды төлеу:
1) айналым мерзімі өткен, осы эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегере отырып) облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен облигацияларды;
2) реттеу режиміндегі банктің облигацияларын төлеген жағдайларды қоспағанда, ақшамен ғана жүзеге асырылады.
Орналастырылатын облигация толық төленгенге дейiн эмитент облигацияларды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны сатып алушының жеке шотына осы облигацияны есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқылы емес.
Бұрын талап ету құқықтарымен төленген облигациялар бойынша талап құқықтарымен облигацияларды төлеуге жол берілмейді.
2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару шарттарында белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған, банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, реттеу режиміндегі банкке қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы