8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асыратын, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені болып табылады.
2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мыналарды:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарауды;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтерді қоса алғанда, эмитент және оның бағалы қағаздары туралы мәлiметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуді;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын жіберуді;
4) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы және тұрған жері өзгерген немесе жарияланған облигациялар саны азайған кезде);
өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, шығарылым шарттарын жіберуді қамтиды.
2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Эмитент мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы