Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік туралы

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік

Азаматтық кодекстің 925-бабы «Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік». Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотымен кәмелетке толмаған Жуков Кирилл Владимировичтің атынан Г-зе Изабелла Валерьевнаның И-ова Наргиза Исраиловнаға, А-сеев Александр Александровичке, үшінші жақ – «Теміртау қаласының №11 ЖОМ» ҚММ-не және «Теміртау қаласының білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-не материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды.

 Талапкердің талабын қанағаттандыра келе, сот 2014 жылдың 26 сәуірінде 23.09.1999 жылы туылған кәмелетке толмаған Р.А. А-еев сағат 10.00-11.00 аралығында еш себепсіз 21.04.1998 жылы туылған К.В. Ж-тың бетінен ұрып жібергенін, соның салдарынан К.В. Ж-ов жарақат алғанын есепке алды.

2014 жылғы 30 сәуірдегі қаулымен қылмыс құрамының болмауына байланысты Р.А. А-евке қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды. Қаулыда кәмелетке толмаған Р.А. А-втің әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 79-3- бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық құрамының белгілері бар екені, алайда аталмыш бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жасы кәмелетке толғаннан соң туындайтыны, ал Р.А. Алексеевтің жасы 13-те екені көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 925-бабының 1-бөліміне сәйкес, жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның заңды өкілдері жауап береді. Егер жас бала оқу орының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің, сондай-ақ, шарттың негізінде қадағалауды жүзеге асыруға міндетті адамның бақылауында болған уақытта зиян келтірсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асырудағы кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, келтірген зиян үшін осы мекемелер мен адамдар жауап береді.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес, ата-ана өз балаларын тәрбиелеуге міндетті. Бала тәрбиелеп отырған ата-ана оның психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге жауапты. Сондықтан, сот ана-анасының олардың кәмелетке толмаған баласының зиян келтіру кезіндегі олардың өздерінің зиян тудыруға ықпал еткен мінез-құлқы үшін жауапкершілік шарттарын қарастырады.

Осы мән-жайларды, азаматтық заңнама талаптарын есепке ала отырып сот материалдық шығынды жауапкердер Н. И-ва мен А.А-тен өндіру қажет деген негізді қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 917 бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіріктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және (немесе) мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Бұл жерде нақты расталған шығындар ғана өндіруге жатады.

Сот отырысында келесі сомалар расталды: 24085 теңге және 133250 теңге – тіс емдеу клиникасының азу тісті алып тастау күрделі операциясына және имплантант қоюға жұмсалған қаражат. 4130 теңге көлеміндегі қаражат сот отырысында негізсіз деп табылды, себебі, талапкер осы сомаға алынған дәрі-дәрмекті не үшін алғанын анықтай алмады. 109200 теңге өндіруге жтпады, себебі бұл соманы талапкер болашақта жұмсамақ болып талап еткен.

Сот отырысында зерттелген, анықталған айғақтардың негңзңнде И.В. Г-нің талап-арызы ішінара қанағаттандырылды: Н.И. И-ова мен А.А. А-втен 157335 теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өндірілді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі🔷 I. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі-нің 23-бабы 14 жасқа толм...

Толық оқу »

14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі🔷 I. ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІӘрекет қабілеттілігі – субъектінің өз бетінше азаматтық құқық...

Толық оқу »

22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнг...

Толық оқу »

23-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

23-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке тол...

Толық оқу »

23-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекетке қабілеттілігі

23-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекетке қабілеттілігі 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар...

Толық оқу »

27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттiлiгiОтбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы      1. Әлеуметтiк бейiмделуд...

Толық оқу »

28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттiлiгiОтбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi тур...

Толық оқу »

17-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтарының әрекетке қабілеттілігі

17-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтарының әрекетке қабілеттілігі Құқықтық қабілеттілік, құқықтық қабілеттілік сияқты, заңды тұлғаның құра...

Толық оқу »

17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгiҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi...

Толық оқу »

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілікАзаматтық кодекстің 925-бабы «Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауа...

Толық оқу »

925-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

925-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмаға...

Толық оқу »