167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарамастан Қызыл Крест, Қызыл Жарты ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарға арналған қорғау белгілерін немесе халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдалану не қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдалану –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы