Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау туралы түсініктеме

  1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау –

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Түсіндіріліп отырған бап бойынша құқық бұзушылықтың объектісі жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Объективтік жағынан бірінші бөлікте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық екі саралаушы белгі түрінде көрініс табады:

  1. жол белгілерімен белгіленген талаптарды сақтамау;
  2. жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамау.

Егер ӘҚБтК-нің басқа баптарында жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық тікелей көзделсе, онда мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша сараланбауға тиіс екенін атап өткен жөн.

Яғни зерттеліп отырған бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамы жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауаптылық ӘҚБтК-нің 30-тарауының басқа баптарында көзделмеген жағдайда қалыптасады.

Мысалы, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектейтін, тоқтауға немесе тұраққа қоюға тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын сақтамау ӘҚБтК-нің 592 және 597-баптарында көзделген дербес құқық бұзушылық құрамдарын құрайды (осы баптарға берілген түсініктемелерді қараңыз).

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 26-бабында жол жүрісін ұйымдастыру процесінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар көзделген. Қазақстан Республикасының жолдарында орнатылған жол белгілері мен сигналдары, бағдаршамның жарық сигналдары және жол таңбалары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.

Жол белгілерінің түрлері, олардың сипаттамасы, параметрлері, түсі және басқа да ерекшеліктері Қазақстан Республикасының СТ РК 1412-2010 «Жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары. Жол белгілерін, таңбаларды, бағдаршамдарды, жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғыларды қолдану қағидалары» стандартына сәйкес белгіленген.

Осы стандарттың талаптарында Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияның (Вена, 1968 жыл) және осы Конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімнің (Женева, 1971 жыл) жалпы талаптары ескерілген. Осы стандарттың объектісі автомобиль жолдарында, қалалар мен елді мекендердің көшелерінде жол белгілерін, жол таңбаларын, бағдаршамдарды, бағыттаушы құрылғыларды және барьерлік қоршауларды қоса алғанда, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану қағидалары болып табылады. Стандарт жол белгілерінің, жол таңбаларының, бағдаршамдардың, бағыттаушы құрылғылардың және барьерлік қоршаулардың жолдың қай жерінде және бір-бірінен, жолдан немесе тікелей жолдың бойынан қандай қашықтықта, оның ішінде шектеулі жағдайларда орналастырылуға тиіс екенін белгілейді. Жол жүрісін ұйымдастырудың жаңадан енгізілген құралдарын қолдану оларды пайдалану бөлігінде халықаралық қағидаларды, сондай-ақ Қазақстандағы климаттық, географиялық жағдайларды және жол жүрісі қауіпсіздігінің қолданыстағы жағдайларын (жылдамдық режимі, жер бедері, аумақтың қоныстану деңгейі және т.б.) барынша толық ескеруге, жол-көлік оқиғаларының саны мен ауырлығын азайтуға мүмкіндік береді.

Осы стандарт негізінде зерттеліп отырған бапты саралау кезінде қолданылатын терминдер айқындалған:

  1. жол белгісі – жол жүрісіне қатысушыларды (бұдан әрі – жүріс) жол жағдайлары мен қозғалыс режимдері, елді мекендердің және басқа да объектілердің орналасуы туралы хабардар ететін белгілері немесе жазулары бар, белгілі бір пішіндегі панель түріндегі құрылғы;
  2. жол таңбасы – жол жүрісіне қатысушылардың көзбен бағдарлану құралы ретінде қызмет ететін немесе қозғалысқа қойылған шектеулер мен қозғалыс режимдері туралы хабардар ететін, жүріс бөлігіндегі, жол құрылыстарындағы және жол жабдықтарының элементтеріндегі сызықтар, бағыттамалар және басқа да белгілер.

Жол жүрісі қағидаларының № 1 қосымшасына сәйкес жол белгілерін таңбалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және олар мынадай топтарға жіктеледі:

  1. ескерту белгілері – жүргізушілерге қозғалыс жағдайға сәйкес шаралар қабылдауды талап ететін қауіпті жол учаскесіне жақындағаны туралы хабарлау үшін қолданылады;
  2. басымдық белгілері – қиылыстардан, жүріс бөліктерінің қиылысуларынан немесе жолдың тар учаскелерінен өту кезектілігін белгілеуге арналған;
  3. тыйым салатын белгілер – қозғалысқа қатысты белгілі бір шектеулерді енгізеді немесе олардың күшін жояды;
  4. нұсқайтын белгілер – тек белгілердегі бағыттамалармен көрсетілген бағыттарда ғана жүруге рұқсат береді. Солға бұрылуға рұқсат беретін белгілер бағыттамалардың конфигурациясы нақты қиылыстағы қозғалыстың талап етілетін бағыттарына сәйкес келген жағдайда кері бұрылуға да рұқсат береді;
  5. ақпараттық-нұсқағыш белгілер – қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізетін немесе олардың күшін жоятын, сондай-ақ елді мекендердің және басқа да объектілердің орналасуы туралы ақпарат беретін белгілер;
  6. сервис белгілері – жол жүрісіне қатысушыларға тиісті объектілердің орналасуы туралы ақпарат беруге арналған белгілер;
  7. қосымша ақпарат белгілері – қолданылатын белгілердің әрекетін нақтылайтын немесе шектейтін белгілер (тақтайшалар).

Жол белгілері тек өздері арналған жол жүрісіне қатысушыларға ғана көрінетіндей және қандай да бір кедергілермен (жарнамамен, жасыл желектермен, сыртқы жарықтандыру тіректерімен және т.б.) жабылмайтындай, пайдалануға қолайлы және олардың бүліну ықтималдығын азайтатындай етіп орналастырылуға тиіс.

Жолдарды таңбалау кезінде қозғалыс жолағының ені жолдардың санаттарын ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес қабылдануға тиіс. Көлденең қимасының элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтін жолдарда таңбаланатын қозғалыс жолағының ені 3,0 м-ден кем болмауға тиіс; қозғалыс режиміне қажетті шектеулер енгізілген жағдайда жеңіл автомобильдердің қозғалысына арналған жолақтың енін 2,75 м-ге дейін азайтуға жол беріледі. Цементбетон жабындарда бір бағыттағы қозғалыс ағындарын бөлетін бойлық жол таңбасы бойлық жіктің үстіне түскен жағдайда, оны қозғалыс бағыты бойынша сол жақтан жіктің жанына салуға жол беріледі, ал қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс ағындарын бөлетін таңбаны кез келген жағынан салуға болады.

Жол таңбасы өздігінен де, жол белгілерімен және бағдаршамдармен бірге де қолданылуы мүмкін.

Жол жүрісі қағидаларының № 2 қосымшасына сәйкес жол таңбасы көлденең және тік болып бөлінеді:

  1. көлденең жол таңбасы (жүріс бөлігіндегі сызықтар, бағыттамалар, жазулар және басқа да белгілер) қозғалыстың белгілі бір режимдері мен тәртібін белгілейді. Көлденең жол таңбасы ақ және сары түсті болуы мүмкін;
  2. тік жол таңбасы жол құрылыстары мен жол жабдықтарының элементтеріндегі қара және ақ жолақтардың үйлесімі түрінде болады, олардың габариттерін көрсетеді және көзбен бағдарлау құралы ретінде қызмет етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау кезінде әрбір нақты жағдайда көлік құралының жүргізушісі жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің жол таңбасымен белгіленген қандай қолданыстағы талапты бұзғанын анықтау қажет.

Қарастырылып отырған баптың екінші бөлігінің объективтік жағы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттермен (әрекетсіздікпен) сипатталады, олар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалады.

Осы бап бойынша субъективтік жағы кінәнің қасақана немесе абайсыздық нысанында көрініс табуы мүмкін.

Осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері көлік құралдарын басқаратын адамдар болып табылады.

Түсіндіріліп отырған бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді қарауға құқылы тұлғалар:

  1. барлық бөліктер бойынша – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің, әкімшілік полиция, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары және олардың орынбасарлары (ӘҚБтК-нің 685-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы);
  2. екінші бөлік бойынша – ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік полиция, көші-қон полициясы, жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары (ӘҚБтК-нің 685-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы);
  3. бірінші бөлік бойынша – арнайы атақтары бар ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері (ӘҚБтК-нің 685-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы);
  4. барлық бөліктер бойынша – әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды адамдары (ӘҚБтК-нің 727-бабының 1-бөлігі).

ӘҚБтК-нің 601-бабының барлық бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық жасалған кезде полиция қызметкерлері көлік құралдарын ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға, оларды ұстау себептері жойылғанға дейін уақытша сақтауға арналған арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе көліктік бақылаудың стационарлық бекетіне іргелес алаңдарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткізуге құқылы (ӘҚБтК-нің 797-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы).

ӘҚБтК-нің 812-бабына сәйкес ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігінде көзделген барлық құқық бұзушылық құрамдары бойынша істер көлік құралдары тіркелген жері бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы істер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша) авторлар ұжымы:

Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп);

Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;

Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А.В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп);

Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);

Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен, Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;

Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;

Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;

Омарова Ботагоз Акимгереевна, заң ғылымдарының кандидаты – 17-тарау; 18-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп);

Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 19-тарау; 32-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А.С. Тукиевпен бірлесіп);

Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;

Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;

Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С.В. Корнейчукпен, Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 9, 10-тараулар (Б.Е. Шаймерденовпен, В.В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);

Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42, 43-1-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;

Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 45-тарау; 46-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 47-тарау;

Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен, Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп);

Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен, С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С.Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;

Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен, В.В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар;

Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп).

Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020

Актінің қабылданған күні: 01.01.2020

Қабылданған орны: 100050000000

Актіні қабылдаған орган: 103001000000

Қолданылу өңірі: 100000000000

Нормашығармашылық орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 5

Актінің мәртебесі: жаңа

Құқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000

Актінің нысаны: ТҮСІНІКТЕМЕ / КОДЕКС

Заңдық күші: 1900

Актінің тілі: орыс тілі

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарам...

Толық оқу »

332-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану

332-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану Қызыл Жарты Ай мен Қызыл...

Толық оқу »

675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) Әкімшілік құқық бұзушылық...

Толық оқу »

601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест...

Толық оқу »

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы керек

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы...

Толық оқу »

5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

 5-бап. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы

2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) бел...

Толық оқу »

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шартқа Қазақстан Республикасының қосылуы туралы Заңы

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шартқа Қазақстан Республикасының қосылуы туралыЗаңыҚазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 4 ақпан N 292-ІІ.      Женевада 1994 жылғы...

Толық оқу »

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгіз...

Толық оқу »

675-бапқа түсініктеме. Әскери нысандағы айырым белгілері және (немесе) символикасы бар киімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нысанды киімін және арнайы киім-кешегін заңсыз кию (пайдалану)

675-бапқа түсініктеме. Әскери нысандағы айырым белгілері және (немесе) символикасы бар киімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің...

Толық оқу »

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру әрекеттері топ құру тәртіпсіздікке қатысушылар арасында міндеттерді бөлу белгілерімен сипатталады және бұл әрекеттер тікелей ниетпен жүзег...

Толық оқу »

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып табылады.

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып...

Толық оқу »

Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қылмыс жасауының белгілері бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу және сақтау

Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қылмыс жасауының белгілері бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу және сақтауАтырау облыс...

Толық оқу »

14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері  Жарнама туралы Заңы

14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктеріЖарнама туралы Заңы       1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түп...

Толық оқу »