Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 176-бап. Заңсыз ереуілдер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

176-бап. Заңсыз ереуілдер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

176-бап. Заңсыз ереуілдер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 

      1. Ереуілдер: 

      1) "Соғыс жағдайы туралы" және "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не ерекше шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және ел қорғанысын, мемлекет қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше ахуалдардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында; жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету станцияларында; 

      2) халықтың тыныс-тіршілігін энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, авиациялық, теміржол, автомобиль, қоғамдық және су көлігі, байланыс, денсаулық сақтау бойынша қамтамасыз етумен тікелей байланысты ұйымдарда, егер жұмыскерлер өкілдерінің жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісімі негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін қызметтердің ең төмен тізбесі мен көлемі сақталмаса; 

      2-1) қызметін тоқтата тұру ауыр және қауіпті салдармен байланысты болатын және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда, егер қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі қамтамасыз етілмесе; 

      3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар бұзыла отырып жарияланған немесе өткізілген жағдайда; 

      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады. 

      Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім қабылдағанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы. 

      2. Алып тасталды - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды. 

      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша қабылдайды. 

      Сот шешімі жұмыскерлердің назарына ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол ереуілге қатысушыларға сот шешімі туралы дереу хабарлауға міндетті, ал ереуілді басқаратын орган болмаған кезде – тікелей жұмыс беруші жеткізеді. 

      Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді. 

      Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл тоқтатылуға тиіс. 

      Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы. 

      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар. 

      6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 171-бабының 3-тармағында көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік берген о...

Толық оқу »

173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодексте берілген құқықтар шегінде және...

Толық оқу »

174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы...

Толық оқу »

401-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

401-бап. Соғыс уақытында немесе төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысу...

Толық оқу »

335-бапқа түсініктеме. Тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдай жағдайында кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі жасау

335-бапқа түсініктеме. Тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдай жағдайында кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедер...

Толық оқу »

157-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

157-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысуда...

Толық оқу »

153-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

153-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу Адамның өзінің қызметтік жағдайын п...

Толық оқу »

175-бап. Жұмыскерлерге ереуіл өткізуге байланысты берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

175-бап. Жұмыскерлерге ереуіл өткізуге байланысты берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Ереуілдерді ұйымдастыру немесе оларға қатысу жұмыскерді...

Толық оқу »

177-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

177-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Сот ереуілді заңсыз деп таныған кезде, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе...

Толық оқу »