174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер жүргізу арқылы шешуді жалғастыруға міндетті.
Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйым мүлкінің сақталуын және жұмыскерлердің қауіпсіздігін, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі, өздеріне байланысты шараларды қабылдауға міндетті.
Ереуіл тоқтатыла тұрған жағдайда жұмыскерлер назарына тиісті шешім жеткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жұмысқа қайта шығуға міндетті.";
"Қызметін тоқтата тұру ауыр және қауіпті салдармен байланысты болатын және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда жұмыс беруші мен жұмыскерлер ереуіл кезеңінде қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін қамтамасыз етуге міндетті.
Қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлеміне кіретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ оларды орындауға (көрсетуге) тартылатын жұмыскерлердің тізбесі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
Жұмыс беруші қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін орындауға (көрсетуге) тартылатын жұмыскерлерді осындай жұмыстарға олардың тартылатыны туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
Қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемін тікелей орындайтын (көрсететін) жұмыскерлер аталған жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындайтын (көрсететін) кезеңде ереуілге қатысуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы