⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйелері – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, бұлардың негізінде оларды мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында мемлекеттік аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады. 

      Тәуекелдерді басқару жүйесі Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп белгілейтін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді. 

      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің бірінші басшылары бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін: 

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда – ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы; 

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді. 

      Мыналардың: 

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамаларын қоспағанда, Жоғары аудиторлық палатаның; 

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және тексеру комиссиясы төрағасының бастамаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 

      3. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

      Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары, Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

      4. Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына талдау жасалады, олардың орындылығы мен өзектілігін қарау үшін Жоғары аудиторлық палатаның немесе тиісті тексеру комиссиясының отырысына талқылауға шығарылады. 

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар, прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

      5. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті: 

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша; 

      1-1) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жолданымдары бойынша; 

      2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша; 

      3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі. 

      6. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, есепті жылда олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарын және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарды қамтиды. 

      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. 

      8. Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тартуға құқылы. 

      9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті. 

      Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді өзара келісуге міндетті. 

      Жоғары аудиторлық палата бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізілген мемлекеттік аудит объектілерінде осы Заңның 15-бабының және осы баптың 5-тармағының ережелерін қоспағанда, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге жол берілмейді. 

      10. Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдар...

Толық оқу »

3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттеріМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақыл...

Толық оқу »

17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсіміМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:      1) ег...

Толық оқу »

6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарыМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың...

Толық оқу »

Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне құжаттардың көшірмесін ұсыну туралы сұрау салу

Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне құжаттардың көшірмесін ұсыну туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екен...

Толық оқу »

4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштеріМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудиттің типіне қарай мынадай көрсеткіштер ескеріледі:      1) тиімд...

Толық оқу »

Заявление в Департамент внутреннего государственного аудита о результатах аудита

Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне аудит нәтижелері туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрда...

Толық оқу »

Статья 8. Стандарты государственного аудита и финансового контроля Закона О государственном аудите и финансовом контроле

8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарыМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын та...

Толық оқу »

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 тамызда № 21070 болып тіркелді.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралыРеспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi №...

Толық оқу »

9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік а...

Толық оқу »

Сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелеріне дау айту мемлекеттік сатып алу саласындағы

Сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелеріне дау айту мемлекеттік сатып алу саласындағы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік...

Толық оқу »

60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртіб...

Толық оқу »

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекет активтерін басқару жөніндегі мемлекеттік аудитке дау айту жаулы

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекет активтерін басқару жөніндегі мемлекеттік аудитке дау айту жаулы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бюджет қаражатын...

Толық оқу »

21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптарыМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау орган...

Толық оқу »

19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тануМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 – 5-тармақ...

Толық оқу »

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыға дау

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыға дауТалап қоюшылар жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша аудито...

Толық оқу »

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы лау органының камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы лау органының камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту туралы ӘРПК-нің 100-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер шағымды қарайтын орган ӘРПК-ід...

Толық оқу »

22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік ауд...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингіМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Мемлекеттік...

Толық оқу »

26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметіМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Сыртқы мем...

Толық оқу »

32-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

32-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шотта...

Толық оқу »

39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олар...

Толық оқу »

Признание незаконным предписания об устранении нарушений Департамент внутреннего государственного аудита

Признание незаконным предписания об устранении нарушений Департамент внутреннего государственного аудита №6001-23-00-6ап/329 от 22.06.2023г. Истец: ГУ Отдел образования Упра...

Толық оқу »

33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдауМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ж...

Толық оқу »