26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі сараптамалық-талдау іс-шараларын, сондай-ақ бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауларды жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
2. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджетке қатысты, сондай-ақ республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған ревизиялық комиссиялар аумақтарында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.
4. Сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу үшін Жоғары аудиторлық палата бюджеттен бөлінген қаражат шегінде зерттеулер жүргізу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
5. Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекеттің (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау, сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеу нысанында сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізеді. Сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Жоғары аудиторлық палата бекіткен, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалады.
Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар мемлекеттік аудит объектісін сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілетіні туралы хабардар етеді және шешімі ұсынымдық сипатта болатын оның нәтижелерін мемлекеттік аудит объектісімен талқылайды.
Бұл тәртіп бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауларға қолданылмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы