184-бап. Жобалау құжаттарын орындаудың мониторингі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобаларын орындауына мониторинг үш жылда кемінде бір рет орындалатын уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
4. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 5. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда әзірлеуді талдау шеңберінде жобалау құжаттарының жекелеген көрсеткіштерін болмашы (жиырма пайыздан аз) түзету мүмкін болатын жағдайлар белгіленеді.
7. Кен орнын әзірлеуді талдау әзірлеу процесінде геологиялық, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін кен орнын әзірлеу жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау тұрғысынан кешенді зерттеуді білдіреді. Кен орнын әзірлеуді талдау жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.
8. Уран кен орны әзірленуін талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушы талдауды хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
9. Кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы уран кен орнын әзірлеуді талдау нәтижелері бойынша негізді тұжырым болған кезде кен орнын әзірлеудің іс жүзіндегі және жобалау көрсеткіштері арасында едәуір (жиырма және одан көп пайыз) алшақтықтар болған жағдайда талдау нәтижелері кен орнын әзірлеу жобасының мемлекеттік сараптамасы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен орталық комиссияның қарауына жатады.
10. Орталық комиссия уран кен орнын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды қабылдаған жағдайда жобалау шешімдері мен осындай талдаудың көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, бекіту және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу кезеңіне жобалау шешімдері мен кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштері ретінде бағаланады, ол бір жылдан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 337-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау