Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 280-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының қоршаған ортасын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

280-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының қоршаған ортасын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

280-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының қоршаған ортасын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық мониторингті міндетті түрде жүзеге асырады.

      2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына жағымсыз әсерді болғызбау мақсатында мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, бүкіл келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға жыл сайынғы өндірістік мониторингті (климаттық маусымдар бойынша) жүргізуге міндетті.

      3. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялардың (геофизикалық зерттеулер, инженерлік-геологиялық іздестірулер, бұрғылау, құрылыс салу, жайластыру, пайдалану, жою және өзге) әрбір кезеңінің қоршаған ортаға әсер етуін бағалау материалдарында өндірістік мониторингті жүргізу көзделуге тиіс, онда:

      1) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялардың әрбір кезеңінде өндірістік объектілердегі қоршаған ортаның жай-күйін тікелей зерттеулер;

      2) ластану көздерін мониторингтеу;

      3) қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу;

      4) қоршаған ортаның авариялық ластану салдарын мониторингтеу қамтылады.

      4. Қоршаған ортаны мемлекеттік экологиялық және өндірістік мониторингтеу мынадай параметрлерді:

      1) Каспий теңізінің мәртебесі (режимі) бойынша әртүрлі учаскелерінде судың, сондай-ақ су түбіндегі шөгінділердің физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша ластану деңгейін;

      2) Каспий теңізінің белгілі бір учаскелерінде (ашық теңізде, шығанақтарда, атырау маңындағы учаскелерде, теңізге құятын өзендерде, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізілетін аудандарда сынамаларды іріктеудің бақылау нүктелерінде), атмосфера – су бөлінісі шекарасында ластағыш заттардың балансы мен түрленуін және олардың су түбіндегі шөгінділерде (тұнбаларда) жинақталуын;

      3) табиғи циркуляциялық процестерді, гидрометеорологиялық көрсеткіштерді (судың температурасын, ағысын, желдің жылдамдығы мен бағытын, атмосфералық жауын-шашынды, атмосфералық қысымды, ауаның ылғалдығын) байқауды қамтуға тиіс.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы қажет болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап етуі бойынша қоршаған ортаның жай-күйіне қосымша зерттеулер жүргізуге тиіс.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қоршаған ортаның жай-күйін байқау түрлері мен әдістерін айқындайды.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік мониторинг жүргізген кезде алдыңғы жылдардағы байқау нәтижелерін ескеруге және ұзақ мерзімдік байқау қатарын жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарт аумағы шегінде және оның айналасында) орналасқан, бұрыннан бар станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс.

      8. Авариялық ахуал туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарын мониторингтеу кейінге қалдырмай ұйымдастырылуға тиіс.

      9. Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік мониторинг нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

130-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

130-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың...

Толық оқу »

63-бап. Құжаттардың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

63-бап. Құжаттардың қоршаған ортаға елеулі әсер етуінің мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Әзірлеуші мемлекеттік орган стратегиялық экологиялық бағалау...

Толық оқу »

203-бап. Жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

203-бап. Жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиы...

Толық оқу »

164-бап. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

164-бап. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі деректерді байқау, жинау, сақтау, есепке алу...

Толық оқу »

218-бап. Жол берілетін төгінділердің нормативтерін сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

218-бап. Жол берілетін төгінділердің нормативтерін сақтау мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Жол берілетін төгінділердің нормативтерін сақтаудың және ол...

Толық оқу »

293-бап. Квоталанатын қондырғылардың парниктік газдарды шығаруын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

293-бап. Квоталанатын қондырғылардың парниктік газдарды шығаруын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық...

Толық оқу »

409-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағы мен экологиялық зілзала аймағындағы экологиялық ахуалды мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

409-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағы мен экологиялық зілзала аймағындағы экологиялық ахуалды мониторингтеу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Экологиялық ахуа...

Толық оқу »

142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Жобалау құжаттарына өзгерістер мен толы...

Толық оқу »

184-бап. Жобалау құжаттарын орындаудың мониторингі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

184-бап. Жобалау құжаттарын орындаудың мониторингі Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Алып тасталды ҚР 09.03.2021№ 14-VII(алғ...

Толық оқу »

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі...

Толық оқу »

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Қазақста...

Толық оқу »