160-бап. Табиғи ресурстар мониторингі Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Табиғи ресурстар мониторингі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдастыратын табиғи ресурстар түрлері жай-күйі мониторингі жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2. Табиғи ресурстар мониторингі мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жер мониторингі;
2) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүргізілетін су объектілері мен су ресурстарыныңмемлекеттік мониторингі;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;
4) Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүргізілетін ормандардың мемлекеттік мониторингі;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесінің мониторингі;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі.
3. Табиғи ресурстар мониторингінің деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттік кадастрларда жинақтап-қорытылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы