Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 

      Республика Президентi:

      1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;

      2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;

      5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;

      6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;

      7) Республиканың Мемлекеттiк кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;

      7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;

      8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;

      9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады;

      10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;

      10-1) Парламент Сенатының келісімімен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындайды;

      11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

      12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы. 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы