Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 

      1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады.

      2. Республика Президенті:

      1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады;

      2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды;

      3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді;

      4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін тыңдайды.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру және оның өкілеттіктері заңда айқындалады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы. 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы