871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Парламент депутаты ретінде тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келiсуінсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатты әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы ұсынуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының уәжді шешімі ол түскен күннен бастап он тәулік ішінде шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы