209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында тұрған жері бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған;
2) уәкілетті органның интернет-ресурсындағы техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып берудің мүмкін еместігі туралы ақпарат расталған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.
3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған кездегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 88-бабына сәйкес шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді тоқтата тұрудың күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады;
4) төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.
2. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура электрондық шот-фактура нысанында екі данада жазып беріледі, оның біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.
Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада шот-фактураның электрондық нысанында көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.
3. Шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
4. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізсе, сондай-ақ, егер құрылымдық бөлімше заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, онда шот-фактурада осындай құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі.
5. Шот-фактураны жазып беру мақсаттары үшін:
айналым жасалған күн осы Кодекстің 460-бабының ережелеріне сәйкес айқындалады;
айналым мөлшері осы Кодекстің 461 және 462-баптарының ережелеріне сәйкес айқындалады.
6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Шот-фактура осы Кодекстің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған кезде уәкілетті орган көздеген тәртіппен шот-фактураны жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады.
Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
заңды тұлғалар үшін – басшының және бас бухгалтердің қолтаңбасымен, сондай-ақ егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен;
дара кәсіпкерлер үшін – тегі, аты және әкесінің және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қолтаңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен уәкілеттік берілген жұмыскердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көзбен шолып танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураларға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін ұсынуды талап ете отырып жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осы талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, салық төлеушінің шешімі бойынша өзі жазған шот-фактураларды осындай құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрімен куәландыруға құқылы.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетілуін қамтитын уәкілетті өкілдің мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкілдің басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есепке алу саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепке алуды жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолтаңбасының орнына "көзделмеген" деп көрсетіледі.
7. Қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактураны осы Кодекстің 493-бабында белгіленген мерзімдерде жазып береді.
8. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 494 – 498-баптарында белгіленген.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
209-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды ұсыну тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен ұсынған кезде – салық органдарының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының қабылдаған күні;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынған кезде – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
3) электрондық нысанда ұсынған кезде – жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
3. Салық органдарының жүйесі салық нысандарын қабылдаған және өңдеген кезде оның толықтығын және оны толтырудың дұрыстығын тексеруден тұратын форматтық-логикалық бақылау жүргізіледі.
4. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы туралы ақпарат осы баптың 2-тармағында белгіленген, жеке тұлғалардың декларациялары ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Салық нысандары, мынадай жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде:
1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;
2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;
3) салық нысанында салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) салық нысанында салықтық кезең көрсетілмесе;
5) салық нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасалған күн көрсетілмесе;
6) салық нысанында салықтық есептіліктің түрі көрсетілмесе;
7) салықтық есептілікке қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы бар мөрмен куәландырылмаса;
8) форматтық-логикалық бақылаудың салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдамаған кезде салықтық есептілікте "Өндеуден бас тартылды" деген өңдеу мәртебесі болса;
9) салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салықтық есептілікті ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
10) осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен бір мезгілде ұсынылмаса;
11) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен ұсынылмаса;
12) салықтық есептілікті тіркелуі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынса;
13) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғалар ұсынса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.
Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы