Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті: 

     1) осы Кодекстің 495-бабында белгіленген жағдайларда – комиссионер; 

     2) осы Кодекстің 494-бабында белгіленген жағдайларда – экспедитор; 

     3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы; 

     4) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеуші; 

     5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға; 

     6) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші; 

     7) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші; 

     8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеуші; 

     9) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеуші; 

     10) салық төлеушіге келіп түскен және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен кезде есепке алынған тауарларды өткізетін осы салық төлеуші. 

     Электрондық шот-фактуралары электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады; 

     11) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші; 

     12) адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе. 

     Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын адам жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды. 

     2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 7) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда: 

     1) есеп айырысу: 

     сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі беріле отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу терминалдары арқылы; 

     сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді арнаулы мобильді қосымшаның чегі беріле отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс; 

     2) есеп-айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген; 

     3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған; 

     4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген; 

     5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген; 

     6) осы Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары іске асырылған жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. 

     Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының ережелері тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайларда осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға қолданылмайды. 

     3. Осы баптың 1-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлар: 

     1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үйде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларға (түпкілікті тұтыну); 

     2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізілген кезде талап етілмейді.  

     4. Өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы: 

     осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында; 

     осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураны жазып беруді талап ете отырып жүгінуге құқылы. 

     Өнім беруші осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылатын сенімді тұлға арқылы заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті. 

     5. Өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетілетін қызметтерді алушы осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураны жазып беруін талап ете отырып жүгінуге құқылы. Өнім беруші осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

208-бап. Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салықтық өтініш, салықтық есептілік осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдарына ұсынылады. 

      2. Егер салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган өздері үшін салықтық есептіліктің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарға жататын болса, онда мұндай жағдайда, салықтық есептілік салық төлеуші (салық агенті) жатқызылатын әрбір санат үшін көзделген нысандар бойынша ұсынылады. 

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық өтініш пен салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша: 

      1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда); 

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште; 

      3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады. 

      4. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік келу тәртібімен ұсынылады. 

      5. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібін және осындай есептілікті ұсынатын тұлғалардың тізбесін айқындайды. 

      6. Салықтық өтініш және (немесе) салықтық есептілік келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, екі дана етіп ұсынылады, бір данасы салық органының белгісі қойылып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады. 

      7. Электрондық форматтың құрылымы, электрондық нысанда жасауға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту уәкілетті органның интернет-ресурсына: 

      1) салықтық өтініш – ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей; 

      2) салықтық есептілік – салықтық есептілікті ұсыну мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады. 

      8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін салық органына келесі салықтық есептілікті ұсынуға құқылы емес. 

      Аяқталмаған салықтық кезең үшін ұсынылған таратудың салықтық есептілігі: 

      1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімін өзгерткен; 

      2) салық төлеуші (салық агенті) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімін өзгерткен; 

      3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салықтық кезең үшін кезекті салықтық есептілікке теңестіріледі. 

      Таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап келесі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілік осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына ұсынылады. 

      9. Салық салу объектілері болмаған кезде: 

      мүлік салығы; 

      жер салығы; 

      көлік құралдары салығы; 

      экспортқа рента салығы; 

      қол қойылған бонус; 

      тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем; 

      бюджетке төленетін төлемдер; 

      бейрезидент кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды. 

      9-1. Осы баптың 9-тармағында көрсетілмеген жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық есептілікті жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша ұсынады.  

      10. Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме мынадай қызмет түрлерін:  

      бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді; 

      бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;  

      этиль спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді; 

      темекі бұйымдарын өндіруді; 

      осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады. 

      Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі мiндеттеме шикi мұнай, газ конденсаты бойынша (экспортқа өткізілген шикi мұнайдан, газ конденсатынан басқа) салық салынатын операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады. 

      Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі мiндеттеме темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды. 

      11. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде ұсынылмайды. 

      Ескерту. 208-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі...

Толық оқу »

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі

131-бап. Дипломатиялық өкілдіктерге және олардың персоналына салықты қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарға:     1) дипломатиялық өкілдіктерге;     2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау және импорттау кезiнде қосылған құн салығын алу...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы (ҚҚС)

Қосылған құн салығы (ҚҚС)Жүргізілген жалпылау көрсеткендей, талданатын кезеңде соттар ҚҚС асып кетуін қайтару мәселелері бойынша даулардың аз санын қарады. Жекелеген жағдайлар...

Толық оқу »

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Талапкер: "мен"ЖШСЖауапкер: "Мемлек...

Толық оқу »

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

99-бап. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын (бұдан әрі осы параграфт...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік кірістер басқармасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00-6ап/1670Тал...

Толық оқу »

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау...

Толық оқу »

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00...

Толық оқу »

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан

125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Осы параграфтың мақсаттары үшін қосылған құн салығы...

Толық оқу »

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     ...

Толық оқу »

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекса Республики Казахстан

509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Налогового Кодекс...

Толық оқу »

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

529-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығын есе...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын шегеруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бап қосылған құн салығын төлеушіні салық төлеушілер...

Толық оқу »

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамы...

Толық оқу »

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі       1. М...

Толық оқу »

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

474-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі      Өткізу орны...

Толық оқу »

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

477-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы баптың 2-тармағында көзделген...

Толық оқу »

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

485-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомаларын міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша түзету Қазақстан Республикасының Салық кодек...

Толық оқу »

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан...

Толық оқу »

479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

479-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарды:     1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарын (мә...

Толық оқу »

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқыз...

Толық оқу »

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы бапта және осы Кодекстің 485-бабында белгіленген жағдайл...

Толық оқу »

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепк...

Толық оқу »

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

507-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы...

Толық оқу »

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше...

Толық оқу »

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

486-бап. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құ...

Толық оқу »

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

480-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, салық төлеушілер базасында тіркел...

Толық оқу »

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Есе...

Толық оқу »

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

503-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызд...

Толық оқу »

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:   ...

Толық оқу »

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

508-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі...

Толық оқу »

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

482-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 484-бабының 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Код...

Толық оқу »

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан

510-бап. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас Налогового Кодекса Республики Казахстан     1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салықтық к...

Толық оқу »

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

530-бап. ЕАЭО-да тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбе...

Толық оқу »

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі

483-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп таны...

Толық оқу »

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі

525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мыналарды өткізу бойынша айналы...

Толық оқу »

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Пропорционалды...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

528-бап. Тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер тауарларды Қазақстан Республ...

Толық оқу »

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер Налогового Кодекса Республики Казахстан     Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:     1) осы Кодекст...

Толық оқу »

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы...

Толық оқу »

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеу...

Толық оқу »