21-1-бап. Депутаттық сауалдар Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Депутаттық сауалға берілетін жауапқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар немесе атына сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы