24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауал салуға құқылы.
2. Мұндай сауал алған мемлекеттік органдар мен ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік мұрағаттар да оны бір айға дейінгі мерзімде қарап, салынған сауалдың мәні бойынша дәлелді жауап қайтаруға міндетті. Егер олардың сауал салынған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы мәселені шешуге құқығы болмаса, сауал осындай өкілеттік берілген мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі, ол туралы сауал салған азаматтарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарланады.
3. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салған сауалдарын орындау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы