Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

      1. Кәсiпкерлiк қызметті тiркеусіз немесе осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан;

      3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      мүлкi тәркiленiп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      ҚР Конституциялық Сотының 03.10.2023 № 31-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 214-бабының ескертуі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері

Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жыл...

Толық оқу »

190-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз кәсіпкерлігі

190-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз кәсіпкерлігі 1. Мұндай рұқсат (лицензия) міндетті болған немесе лицензиялау шарттарын бұзған,...

Толық оқу »

191-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз банк қызметі

191-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз банк қызметі 1. Мұндай рұқсат (лицензия) міндетті болған жағдайларда немесе лицензиялау шартта...

Толық оқу »

192-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған кәсіпкерлігі

192-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған кәсіпкерлігі 1. Жалған кәсіпкерлік, яғни азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке үлкен залал келтір...

Толық оқу »

189-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау

189-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықт...

Толық оқу »