238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi зардап шегушi мұндай залал келтiрiлгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жылдан соң бiтедi.
Бұл орайда залалды өтеу туралы талап қоюды:
1) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап алты жылдан кейiн;
2) теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптары бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап он жылдан кейiн беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы