76-бап. Жерүсті су объектілерін ластанудан қорғау Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Су объектілерінің сапалық жай-күйін нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын ластағыш заттардың су объектілеріне ағызылуы немесе өзге де тәсілмен түсуі жерүсті су объектілерінің ластануы деп танылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген шектерге дейін тазарту шартымен арнаулы су пайдалануға рұқсат болған кезде тазартылған сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне ағызуға жол беріледі.
3. Тазартылған сарқынды суларды табиғи емдік қасиеттері бар, сондай-ақ емдік-профилактикалық мақсаттар үшін қолайлы жерүсті су объектілеріне ағызуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы