Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 143-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

143-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

143-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Тарихи ластану объектілерін анықтау бұрын антропогендік қызмет жүзеге асырылған және (немесе) иесіз күрделі құрылыс объектілері және (немесе) иесіз қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері орналасқан аумақтар мен акваторияларды түгендеу және зерттеп-қарау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын (бұдан әрі – тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу қағидалары) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді.

      3. Тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластанудың жекелеген объектілерін анықтау мен бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      Тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарды тартады.

      4. Тарихи ластану объектісін бағалау мыналарды:

      1) ластағыш заттардың, олардың түрлері бойынша қалдықтардың көлемін немесе массасын;

      2) тарихи ластану объектісі орналасқан аумақтар мен акваториялардың немесе олардың учаскелерінің алаңдарын, пайдалануға рұқсат берілген жерлер мен сулардың санаттары мен түрлерін;

      3) ластағыш заттардың табиғи ортаның өзге құрамдастарына көшіп-қонуға қабілеттілігін, су объектілерінің, оның ішінде ауызсумен жабдықтау көздері болып табылатын су объектілерінің ластану мүмкіндігін, жаңа экологиялық залалдың туындау және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін қоса алғанда, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейі мен көлемін;

      4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көрсетілген қауіпті заттардың тарихи ластану объектісінде бар-жоғын;

      5) қоршаған ортасы тарихи ластану объектісінен жағымсыз әсер етуді сезініп отырған аумақта тұратын халық санын;

      6) қоршаған ортаға жинақталған зиян объектісінен қоршаған ортасына жағымсыз әсер ету қатері төніп тұрған аумақта тұратын халық санын анықтауды қамтиды.

      5. Тарихи ластану объектілерін есепке алу оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардан тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалау нәтижелерін алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі электрондық дерекқор болып табылады, онда осы баптың 4-тармағына сәйкес тарихи ластану объектілерін бағалау нәтижелері, олардың шығу тегі, тарихи ластану объектілерінің мүліктік тиесілігі және тарихи ластануды жою бойынша қажетті жұмыстар жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, анықталған тарихи ластану объектілері туралы мәліметтер жиналады.

      Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін бюджет қаражаты есебінен жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

      6. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу:

      1) тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалау материалдарын қарауды;

      2) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауды;

      3) тарихи ластану объектілерін санаттауды;

      4) тарихи ластану объектісі туралы ақпаратты жаңартуды;

      5) тарихи ластану объектілерін мемлекеттік тізілімнен шығаруды қамтиды.

      7. Тарихи ластану объектілерін санаттау тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластану объектілеріне қатысты жүзеге асырылады.

      Тарихи ластану объектілерін санаттау тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің басымдығы мен кезектілігін негіздеу, сондай-ақ өзге де кезек күттірмейтін шаралар қабылдау мақсатында олардың экологиялық қауіпсіздікке ықпалын салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тарихи ластану объектілерін санаттау нәтижелері бойынша өздеріне қатысты тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ өзге де кезек күттірмейтін шараларды қабылдау бірінші кезекті тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс басым объектілерді және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластанудың өзге де объектілеріне қатысты жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің кезектілігін айқындайды.

      8. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

"Еңбекшiлердi жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербелiс салдарынан болатын кәсiби қауiптерден қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы N 148 Конвенциясын бекiту туралы

"Еңбекшiлердi жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербелiс салдарынан болатын кәсiби қауiптерден қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы N 148 Конве...

Толық оқу »

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау...

Толық оқу »

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық ту...

Толық оқу »

76-бап. Жерүсті су объектілерін ластанудан қорғау Қазақстан Республикасының Су кодексі

76-бап. Жерүсті су объектілерін ластанудан қорғау Қазақстан Республикасының Су кодексі 1. Су объектілерінің сапалық жай-күйін нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын ласта...

Толық оқу »

246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастарСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      Теңiздiң кемелерден аққан...

Толық оқу »

238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiм...

Толық оқу »

171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi  18-тарау. ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУДАН ЖӘНЕ ТЕҢІЗДІҢ КЕМЕЛЕРДЕН АҚҚАН МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi 18-тарау. ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУДАН ЖӘНЕТЕҢІЗДІҢ КЕМЕЛЕРДЕН АҚҚАН МҰНАЙМЕНЛАСТАНУЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІНЖАУАПКЕРШІЛІКСауда мақсат...

Толық оқу »

143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер Жер кодексі Қазақстан Республикасының

143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Нормативтен артық радиоактивтi ластануға ұшыр...

Толық оқу »

331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

38-бап. Радиоактивті және (немесе) химиялық ластануға ұшыраған жерлерде өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

38-бап. Радиоактивті және (немесе) химиялық ластануға ұшыраған жерлерде өсетін өсімдіктермен жұмыс істеуӨсімдіктер дүниесі туралы Заңы      Радиоактивті және (немесе) химиялы...

Толық оқу »

361-бап. Судың жай-күйінің нашарлауын, ауа мен топырақтың ластануын болғызбау Қазақстан Республикасының Экология кодексі

361-бап. Судың жай-күйінің нашарлауын, ауа мен топырақтың ластануын болғызбау Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарымен жұмыс іс...

Толық оқу »

178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Кеме иесiне, сақтандырушыға немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң ор...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 89-ІІ      Қазақст...

Толық оқу »

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға қол қою туралы

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорға...

Толық оқу »

205-бап. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптары және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдары Қазақстан Республикасының Экология кодексі

205-бап. Атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптары және елді мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдары Қазақстан Республикасының Экология коде...

Толық оқу »

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық ту...

Толық оқу »