294-бабына түсіндірме Экологиялық ластану салдарын жою жөнінде шаралар қабылдамау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын жүргізуден жалтару не оларды тиісінше жүргізбеу, осындай іс-шараларды жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осы әрекеттерінің салдарынан адамның өліміне не адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе қоршаған орта үшін өзге де зардаптарға әкеп соқса, —* **бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.**
*Қарастырылып отырған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі* Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтірумен, адамның өліміне немесе адамдардың жаппай ауруға шалдығуына не қоршаған орта үшін өзге де зардаптардың туындауымен сипатталады. *Қылмыстың объектісі* — экологиялық қауіпсіздік. *Қосымша объектісі* — өмір мен денсаулық.
*Талданып отырған іс-әрекеттің объективтік жағын* мыналар құрайды: а) экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын жүргізуден жалтару; б) экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын тиісінше жүргізбеу; в) адамның өліміне не адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе қоршаған орта үшін өзге де зардаптарға әкеп соғатын салдарлар; г) іс-әрекет пен туындаған салдарлар арасындағы себепті байланыс.
Дезактивация деп әртүрлі заттар мен құрылыстардың бетіндегі радиоактивті ластануды жоюды түсіну қажет. Дезактивация ішінара және толық болуы мүмкін. Ішінара дезактивация кезінде радиоактивті зақымдану деңгейі тек төмендетіледі, ал толық дезактивация кезінде радиоактивті ластану сыртқы сәулелену мен радиоактивті заттардың теріге түсуі немесе ағзаға енуі салдарынан зақымдану ықтималдығы барынша аз болатын деңгейге дейін төмендетіледі. Қылмыс баптың диспозициясында көрсетілген салдарлар туындаған сәттен бастап аяқталған деп танылады. *Субъективтік жағынан* іс-әрекет жанама қасақаналықпен сипатталады.
*Субъектісі* — арнайы субъект, экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу міндеті жүктелген адам. 294-бапта көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі И.Ш. Борчашвилидің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2007 жылғы түсіндірмесі
 **Актіні өзгерту күні: 02.08.2007 Актіні қабылдау күні: 02.08.2007 Қабылданған орны: ЖОҚ Актіні қабылдаған орган: 180000000000 Нормативтік құқықтық актіге нормашығармашылық орган берген тіркеу нөмірі: 167 Актінің мәртебесі: new Құқықтық қатынастар саласы: 028000000000 Акт нысаны: ТҮСІНДІРМЕ Заңдық күші: 1900 Актінің тілі: rus
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау