28-1-бап. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Жеке сот сарапшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартуды жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады.
Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы – Палатаның тәуелсіз органы. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясының шешімдері міндетті сипатқа ие.
Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясының құрамына Палата басқармасының ұсынуы бойынша сот-сараптама практикасының кемінде бес жыл өтілі бар бес жеке сот сарапшысы кіреді.
Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы туралы ережені және тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібін Палата басқармасы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі екі жылды құрайды. Бір адам жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды.
2. Тәртіптік іс жүргізуді қарау кезінде жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы өз отырыстарына жолданымдар мен шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты жолданым немесе шағым қаралатын жеке сот сарапшыларын шақыруға міндетті.
Қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабар берілген, жоғарыда аталған адамдардың келмеуі тәртіптік іс жүргізуді қарауға кедергі келтірмейді.
Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы тәртіптік іс жүргізуді бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды. Тәртіптік іс жүргізу жеке сот сарапшысы еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтата тұру мерзімі қараудың немесе тәртіптік жауаптылыққа тартудың жалпы мерзіміне кірмейді.
3. Жеке сот сарапшысының Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасының, Сот сарапшысының әдеп кодексінің, Палата жарғысының, Палатаның басқару органдары шешімдерінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті негіздердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болады.
4. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы жеке сот сарапшысына мынадай тәртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) кезектен тыс аттестаттауға жіберу.
5. Жеке сот сарапшысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік жаза бұзушылық жасалған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін.
6. Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіптік жаза шаралары жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
7. Егер жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
8. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясы жеке сот сарапшысына қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешімнің көшірмесі жеке сот сарапшысына жіберіледі.
9. Жеке сот сарапшыларының тәртіптік комиссиясының шешімін Палатаның тәртіптік комиссиясына осы шешім жария етілген күннен бастап үш ай ішінде даулауға болады.
Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау