Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 471-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

471-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

471-бап. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алып қою Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алады. 

      2. Арнайы білімдерді пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуы үшін кеден органының лауазымды адамының уәкілетті кеден органына өтінішхаты негіз болып табылады. 

      3. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеп алынады. 

      4. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүргізу нәтижелері бойынша тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі жасалады, оның нысанын Комиссия айқындайды. 

      Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады, оның біреуі декларантқа, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оған, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторына табыс етілуге (жіберілуге) жатады. 

      5. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды декларанттың қатысуымен, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оның қатысуымен, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен іріктеп алады. 

      Кеден органының талап етуі бойынша аталған тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдемдесуге, оның ішінде қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жасауға міндетті. 

      6. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға болмаған кезде, осы Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, екі куәгердің қатысуымен, ал осы Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде екі куәгердің қатысуымен іріктеп алуы мүмкін. 

      7. Кеден органы декларантта немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді. 

      8. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптама аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында жұмсалмаған тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері көмілуге, жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде – тағайындалған пошта байланысы операторына қайтарады. 

      Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға осындай тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін қайтару туралы хабарлайды. 

      9. Декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде алмаған тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді. 

      10. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сәйкестендіру құралдарына қатысты кедендік сараптаманы жүргізу үшін мұндай құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын кеден органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алып қояды. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою туралы құжаттарды, сәйкестендіру құралдары мен тауарларды алып қою туралы акт жасалады, оның нысанын уәкілетті орган бекітеді. 

      11. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы мұндай құжаттары алып қойылған тұлғаға қайтарады. 

      Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан алып қойылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай құжаттар алып қойылған тұлғаға оларды қайтару туралы хабарлайды. 

      Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Орталы...

Толық оқу »

31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен...

Толық оқу »

82-бап. Сот үкімі орындалғаннан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

82-бап. Сот үкімі орындалғаннан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       Барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде сот үкімі орындал...

Толық оқу »

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тә...

Толық оқу »

Мүлікті тәркілеу — бұл мәжбүрлеп, өтеусіз алып қою және оны мемлекет меншігіне айналдыру

Мүлікті тәркілеу — бұл мәжбүрлеп, өтеусіз алып қою және оны мемлекет меншігіне айналдыруҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 48-бабы мүлікті тәркілеуді қылмыстық-құқықтық ықпал ету ша...

Толық оқу »

45-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

45-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу Әкімшілік құқық бұзушылы...

Толық оқу »

162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      162-ба...

Толық оқу »

384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Азаматтың пасп...

Толық оқу »

67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшеріМемлекеттік мүлік туралы Заңы     ...

Толық оқу »

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Трансплантациялау не өзгедей пайдалану ү...

Толық оқу »

Мәжбүрлеп иеліктен шығару және мемлекет мұқтажы үшін алып қойғаны үшін өтемнің мөлшерін айқындау

Мәжбүрлеп иеліктен шығару және мемлекет мұқтажы үшін алып қойғаны үшін өтемнің мөлшерін айқындау2019 жылғы 05 қарашада Алматы қаласы Жетісу аудандық соты төрағалық етуші судья...

Толық оқу »

205-бап. Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға берiлген мүлiктi қайтарып алу және қайта бөлу құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

205-бап. Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға берiлген мүлiктi қайтарып алу және қайта бөлу құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мекемеге немесе қазыналық кәсiпор...

Толық оқу »

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібіМемлеке...

Толық оқу »

62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттар...

Толық оқу »

Сот практикасы жер дауларынан, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін алып қоюдан туындайтын; азаматқа немесе заңды тұлғаға тиесілі емес жер учаскелерін пайдалануға байланысты; жер учаскелерін бөлу және бөлу туралы; сервитут белгілеу туралы даулар.

Сот практикасы жер дауларынан, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін алып қоюдан туындайтын; азаматқа нем...

Толық оқу »

93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының

93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою Жер кодексі Қазақстан Республик...

Толық оқу »

62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

   62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принципте...

Толық оқу »

62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттарыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Ме...

Толық оқу »

259-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

259-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денс...

Толық оқу »

63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы...

Толық оқу »

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Транспланттау не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң ағзала...

Толық оқу »

45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі турал...

Толық оқу »

255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын-мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын-мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Еск...

Толық оқу »

51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою Орман кодексі Қазақстан Республикасының

51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн м...

Толық оқу »

61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары 6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

      61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы...

Толық оқу »

92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының

92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1....

Толық оқу »

65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруМемлекеттік мүлік туралы Заңы     ...

Толық оқу »

494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       1. Азаматтарда...

Толық оқу »

91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының

91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемия...

Толық оқу »

Жер даулары жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп алып қою

Жер даулары жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп алып қою Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі сотқа "М" жауапкершілігі шектеулі се...

Толық оқу »

66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

  66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің...

Толық оқу »

154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығыМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Егер Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты материалдық зиянды және оның шеккен шығыстарын өтеуден бас тарту туралы сот шешіміне апелляциялық шағым

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты материалдық зиянды және оның шеккен шығыстарын өтеуден бас тарту туралы сот шешіміне апелляциялық шағым Назар аудары...

Толық оқу »

68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу мерзімдері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысанд...

Толық оқу »

69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі келісім рәсімдері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі келісім рәсімдері...

Толық оқу »