50-бап. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға сот-психиатриялық сараптама аталған адамдарды оларға орналастыру үшін арнайы тағайындалған психиатриялық стационарларда жүргізіледі.
2. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға психиатриялық стационарларда сот-психиатриялық сараптама жүргізу кезеңінде оларға Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының күші қолданылады.
3. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген, олар үшін көзделген ерекшеліктері бар психиатриялық стационарлар пациенттерінің құқықтарын пайдаланады.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы