Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мынадай:  

      1) осы Заңның 23-бабы 7-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сатып алу шартымен банк жалға (мүлікті жалдауға) берген тұрғынжайды;  

      2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды; 

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде өздері сатып алған мүлікті өткізуге міндетті.  

      2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мыналарды:  

      1) өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін; 

      2) осы Заңның 23-бабы 7-тармағының 16) тармақшасына сәйкес сатып алу шартынсыз жалға (мүлікті жалдауға) берілген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне мөлшерлес ұзартылатын тұрғынжайды; 

      3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік сатып алынған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей өзінің үй-жайы ретінде пайдаланудың басталуы шартымен осылайша пайдалануға ниеттенетін көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. 

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда, банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы тиісті ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алынған күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге міндетті. 

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өзінің үй-жайы ретінде пайдалану тоқтатылған жағдайда, көрсетілген ғимаратты немесе өзге де жылжымайтын мүлікті көрсетілген пайдалану тоқтатылған күннен бастап екі жыл ішінде банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті. 

      3. Банк банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолданған және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алған жағдайларда, банктің мұндай ұйымдарға қатысуы уәкілетті орган белгілеген шекті мөлшерден аспауға тиіс.  

      Банк акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы Заңның 23-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін ұйымдардың капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу жағдайларын қоспағанда, акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын олар сатып алынған күннен бастап он екі ай ішінде өткізуге міндетті.  

      Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолданған және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алған кезде акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің мұндай ұйымдарға қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

      4. Осы баптың 1, 2-тармақтары мен 3-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

      5. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым осы Заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, оған бас банк берген, оның ішінде жарғылық капиталға салым арқылы берген және (немесе) бас банктен сатып алынған мүлікті банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті. 

      6. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті өткізу үшін банк пен оның стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымы үшін жалпы (жиынтық) мерзім ол бастапқы сатып алынған күннен бастап үш жылды құрайды. 

      Акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын өткізу үшін банк пен оның стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымы үшін жалпы (жиынтық) мерзім олар бастапқы сатып алынған күннен бастап он екі айды құрайды. 

      7. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті тікелей атаулы сату уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында жүзеге асырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

 

 

 

Жылжымайтын мүліктің үлесіне өндіріп алу жолымен сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтініш

Жылжымайтын мүліктің үлесіне өндіріп алу жолымен сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтінішАлматы қаласы Бостандық аудандық соты________________ ЖСН _______...

Толық оқу »

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің КЕПІЛІ нысанасына өндіріп алу тәртібі

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің КЕПІЛІ нысанасына өндіріп алу тәртібі Кепіл ұстаушының негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талапт...

Толық оқу »

318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiл ұстаушының талаптарын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағат...

Толық оқу »

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілге салынған мүлкінен өндіріп алу негіздері

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілге салынған мүлкінен өндіріп алу негіздері Борышкердің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындам...

Толық оқу »

109-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі

109-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі 1. Жер қойнауын п...

Толық оқу »

86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу 3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу 3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтарАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының...

Толық оқу »

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi...

Толық оқу »

109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану рәсімі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану рәсімі Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Жер қойнауын пайдалану қ...

Толық оқу »

55-бап. Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi 1-параграф. Негізгі қағидалар 7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУ Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

55-бап. Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi 1-параграф. Негізгі қағидалар 7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртеб...

Толық оқу »

44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi...

Толық оқу »

168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент төлеу туралы келісім...

Толық оқу »

Дәрменсіз борышкердің мүлкін өндіріп алуға заңнамалық шектеулерді алып тастау оңалту рәсімін енгізу кезінде банкрот деп танылған кезде конкурстық іс жүргізуді қозғаудың салдары болып табылады.

Дәрменсіз борышкердің мүлкін өндіріп алуға заңнамалық шектеулерді алып тастау оңалту рәсімін енгізу кезінде банкрот деп танылған кезде конкурстық іс жүргізуді қозғаудың салдар...

Толық оқу »

251-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесінің мүлкінен өндіріп алу

251-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесінің мүлкінен өндіріп алу Түсініктеме берілген баптың 1-тармағының жаңа редакциясы меншік иесінің...

Толық оқу »

56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер мүлкiнен өндiрiп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер мүлкiнен өндiрiп алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Борышкерде берешектi өтеу үшiн ж...

Толық оқу »

Мүлікті өндіріп алу туралы, мүлікті алып қою туралы, тыйым салынған мүлікті сатуға беру туралы қаулының күшін жою туралы шешімге апелляциялық шағым

Мүлікті өндіріп алу туралы, мүлікті алып қою туралы, тыйым салынған мүлікті сатуға беру туралы қаулының күшін жою туралы шешімге апелляциялық шағымНазар аударыңыз! Заң және...

Толық оқу »