168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алиментті өндіріп алу, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен жүргізіледі, табысы және өзге де кірісі жеткіліксіз болған кезде алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшалай қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған кезде ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріп алынады.
2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақшалай қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы