Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану рәсімі мен тәртібі

Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану рәсімі мен тәртібі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану рәсімі мен тәртібі

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 7-тарауымен борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану рәсімі мен тәртібі реттелген.

Рәсім мынадай кезеңдерден тұрады:

  • анықтау;
  • тыйым салу;
  • бағалау;
  • сақтау;
  • борышкердің мүлкін өткізу.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 55-бабының 1-тармағында борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану оны алып қоюды және (немесе) мәжбүрлеп өткізуді не өндіріп алушыға беруді қамтитыны көрсетілген.

Атқарушылық іс жүргізудің осы кезеңінің әлеуметтік маңыздылығына байланысты аталған әрекеттер жиі шағымдану нысанасы болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 68-бабына сәйкес сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және оның борышкерге тиесілі екендігі анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде мынадай жолдармен бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады:

  • бағалаушыны өз бетінше тағайындау;
  • атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;
  • атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкіне бағалау жүргізуді тапсыру.

Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау қызметіне ақы төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.

Бұл кезең туындайтын дауларды шешу кезінде қиындықтар туғызбайды.

Атқарушылық іс жүргізудің осы кезеңінде жиі кездесетін қателіктер:

  • бағалау туралы дәйексіз есепті қабылдау;
  • аукцион өткізу рәсімін бұзу;
  • сауда-саттықты екі реттен артық өткізу.

Іс жүзінде борышкердің мүлкінің белгіленген құнымен және өткізілген сауда-саттықпен келіспеу туралы істер ең үлкен қиындық туғызады.

Атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушылары бағалау туралы есептің ұсынылатын қолданылу мерзімін сақтауға тиіс.

Мысалы, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің пәтеріне тыйым салынған. 2021 жылғы 5 наурызда тыйым салынған мүлікті бағалау жөніндегі маманды тағайындау туралы қаулы шығарылып, мүліктің нарықтық құны туралы есеп жасалған. 2021 жылғы 9 сәуірде сот шешімінің орындалуы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін кейінге қалдырылған.

Шешім орындалмауына байланысты 2021 жылғы 7 қазанда жеке сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті 10 778 000 теңге сату құнымен өткізуге беру туралы қаулы шығарған. Соттар жеке сот орындаушысының әрекеттерін заңсыз деп таныған, өйткені пәтерге бағалау жүргізілген сәттен (2021 жылғы 5 наурыз) бастап пәтерді өткізуге беру туралы дауланып отырған қаулы шығарылғанға дейін (2021 жылғы 7 қазан) алты айдан астам уақыт өткен, демек, 2021 жылғы 5 наурыздағы мүлікті бағалау туралы есепте көрсетілген сома қаулы шығарылған сәтте өзектілігін жоғалтқан (6001-22-00-6ап/100).

Алайда барлық жағдайда бағалау туралы есептің ұсынылатын қолданылу мерзімі 6 айды құрай бермейді.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес сот орындаушысы мүлікке тыйым салғаннан және оны бағалағаннан кейін, бірақ мүлікті өткізгенге дейін бағалау туралы есеппен таныстырумен бір мезгілде борышкердің жазбаша өтініші бойынша оған бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бір жылдан аспаған жағдайда, есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша тыйым салынған мүлікті бір айдан аспайтын мерзімде өз бетінше өткізу құқығын береді.

Аталған норма борышкер өз бетінше өткізу құқығын іске асырған жағдайларда бағалау туралы есептің неғұрлым ұзақ қолданылу мерзімін көздейді.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 68-бабының 3-тармағына сәйкес бағалаумен келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарапы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сараптамалық кеңеске жүгіне алады не оған Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады. Сараптамалық кеңестің теріс қорытындысы немесе соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалау тағайындауына негіз болып табылады. Сараптамалық кеңес теріс қорытынды берген жағдайда бағалау туралы есепке сараптама жүргізгені үшін тапсырыс беруші төлеген ақы бағалау туралы есепті жасаған бағалаушыдан немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғадан өтеледі.

Аталған норманы түсіндіру жергілікті соттарда қиындықтар туғызып, әртүрлі қолданылуда.

Бұған дейін, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін, бағалаумен келіспеген жағдайда Азаматтық процестік кодекстің 250-бабының 6-бөлігіне сәйкес сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасалуға жататын.

Қазіргі уақытта ӘРПК қолданысқа енгізілуіне байланысты бағалау туралы есеппен келіспеген кезде талап қоюшылар есептің өзіне де, сот орындаушысының есепті қабылдау жөніндегі әрекеттеріне де дау айтады.

Бағалау туралы есептің дұрыстығын сараптамалық кеңестің тексеру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 11-бабымен реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 11-бабына сәйкес бағалау туралы есепте белгіленген бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құны мөлшерінің дұрыстығына қатысты дау болған жағдайда, оның ішінде осы объектіге қатысты басқа бағалау туралы есептің болуына байланысты бағалау туралы есепке сараптама жүргізілуі мүмкін. Бағалау туралы есепке сараптаманы бағалауды жүргізген бағалаушы мүше болып табылатын бағалаушылар палатасының сараптамалық кеңесі жүргізеді. Бағалау туралы есепке сараптама есепке дау айтатын тапсырыс берушінің және (немесе) үшінші тұлғаның бастамасы бойынша жүргізіледі. Бағалау туралы есепке сараптама есепке сараптама жүргізуді бастамашы еткен тараптың есебінен жүргізіледі. Бағалау туралы есепке сараптама есепке дау айтатын тұлға мен бағалаушылар палатасы арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

Бағалау туралы есепке шағымданудың тағы бір тәсілі – сотқа жүгіну.

Қағидалардың 15, 16-тармақтарына сәйкес тыйым салынған мүлік борышкер мен өндіріп алушыны жүргізілген бағалау туралы тиісінше хабардар етпей немесе таныстырмай және оларға бағалау нәтижелеріне шағымдану үшін он күнтізбелік күн бермей электрондық аукционға шығарылмайды. Көрсетілген мерзімді есептеу борышкер мен өндіріп алушыға жүргізілген бағалау туралы хабарланған немесе олар таныстырылған күннен басталады.

Осыған байланысты сот даулы бағалаудың дұрыстығын қандай жолмен анықтауға тиіс деген сұрақ туындайды.

Өңірлерде әртүрлі сот практикасы қалыптасқан.

Соттар қабылданған бағалау туралы есептің заңдылығын мынадай тәсілдермен тексереді:

  • бағалау туралы есепке сараптама тағайындап, оны сараптамалық кеңеске жіберу;
  • маманды тарту;
  • бағалау объектісінің құнын өз бетінше анықтау үшін сот тауар сараптамасын тағайындау;
  • бағалау туралы есептің жасалу заңдылығын және оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік құнын бағалау» бағалау стандарттарына сәйкестігін өз бетінше тексеру.

Мысалы, бағалау туралы есепте даулы мүліктің нарықтық құны 137 170 000 теңге мөлшерінде айқындалған. Соттар бағалау туралы есепті қабылдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп таныған, өйткені борышкер бағалау туралы есеппен таныстырылмаған, бұл оның бағалау нәтижелеріне шағымдану және даулы мүлікке баламалы бағалау туралы есеп ұсыну құқығының бұзылуына әкеп соққан. Сондай-ақ бағалаушы бағаланатын мүліктің құрамына дүкен ғимаратына іргелес орналасқан үш жер учаскесінің бірін енгізбеген және бағалаудың кіріс әдісін қолданбаған (6001-22-00-6ап/237).

Атқарушылық іс жүргізу тараптары ұсынған бағалау туралы есептерді талдау кезінде сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Мысалы, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жеке сот орындаушысы борышкерге оның мүлкіне бағалау туралы есеп ұсынуды міндеттеген, алайда есепті қабылдаудан бас тартқан. Соттар борышкер ұсынған есепті талдай келе, оның жылжымайтын мүліктің нақты нарықтық құнын дұрыс көрсететінін анықтаған. Бағалау туралы есептің дұрыстығына күмән туындамайды, өйткені онымен бірге маман өзінің біліктілігі мен бағалаушылар палатасына мүшелігін растайтын құжаттарды ұсынған. Соттар жеке сот орындаушысы қабылдаған бағалау туралы есепті жарамсыз деп танып, борышкер ұсынған есепті қабылдауды міндеттеген (6001-22-00-6ап/566).

ӘРПК-нің 5-бабына сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Демек, сотқа талап қоюмен жүгіну тұлғаның құқықтарының бұзылуына байланысты туындайды.

Бағалау туралы есептің құқықтық салдары атқарушылық іс жүргізу тарапы үшін осы есепті сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жасау үшін қабылдаған сәттен бастап туындайды.

Осылайша, бағалау туралы есеппен келіспеген жағдайда осы есепті қабылдау жөніндегі сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасалуға тиіс.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 68-бабының мазмұнынан атқарушылық іс жүргізу тарапының бағалаумен келіспеген жағдайда құқықтарын қорғаудың екі тәсілі көзделгені туындайды:

  • сараптамалық кеңеске жүгіну;
  • сотқа жүгіну.

Сотқа жүгінген кезде істі қарау барысында сот орындаушысы қабылдаған бағалау туралы есептің заңдылығына құқықтық баға берілуге тиіс.

Сот іске бағалаушылар палатасының маманын тартуға немесе сот орындаушысы қабылдаған бағалау туралы есепке өз бетінше талдау жүргізуге құқылы.

Істі сараптамалық кеңеске жіберу істі қарау мерзімдерінің созылуына әкеп соғады және іс жүзінде қабылданған бағалау туралы есеппен келіспейтін тараптың құқықтарын қорғаудың өзге тәсілін алмастырады.

Бұдан басқа, істерді сараптамалық кеңеске жіберу туралы сот ұйғарымдары сараптамалық кеңес қызметтеріне ақы төленбегендіктен, орындалмай сотқа қайтарылады.

Сондай-ақ соттардың тауар сараптамасын тағайындауы әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттеріне сәйкес келмейді.

Тыйым салынған мүліктің нарықтық құнын айқындау сот орындаушысының өкілеттігіне жатады. Оның тәсілдері Заңның 68-бабының 1-тармағында айқындалған.

Демек, дауланып отырған бағалау туралы есепті қабылдау жөніндегі сот орындаушысының әрекеттері осы есептің заңдылығын тексеру арқылы қаралуға тиіс.

Аталған ұсынымдар Жоғарғы Соттың «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысында көрсетілуі қажет.

Мысалы, Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың жеке сот орындаушысын сот ұйғарымы бойынша жасалған сарапшының қорытындысын қабылдауға міндеттеу туралы тұжырымдарын негізсіз деп таныған. Жергілікті соттар сот орындаушысының әрекеттеріне дау айту туралы әкімшілік талап қоюды қарау кезінде өткізуге жататын объектіге тауар сараптамасын тағайындаған. Кассациялық алқа сот актілерінің осы бөлігін күшін жоя отырып, соттың тауар сараптамасын тағайындауы әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттеріне сәйкес келмейтінін, істі қарауды созатынын, процестік тұрғыдан негізсіз екенін және артық сот шығындарына әкеп соғатынын анықтаған. Тыйым салынған мүліктің нарықтық құнын айқындау жеке сот орындаушысының өкілеттігіне жатады, ал оны айқындау тәсілдері Заңның 68-бабының 1-тармағында белгіленген.

Бағалау туралы есептің ұсынылатын қолданылу мерзімінің қысқартылғанын (6 ай) және бағалауды қабылдау жөніндегі әрекеттерге шағымдануды ескере отырып, сот орындаушылары сот істі қарағаннан кейін де қайта бағалау жүргізуге мәжбүр болады. Аталған әрекеттер борышкерге қосымша шығындар жүктейді, өндіріп алушылардың сот актілерінің уақтылы орындалуына деген құқықтарын бұзады.

Осыған байланысты мүлік мәжбүрлеп өткізілген жағдайда бағалау туралы есептің ұсынылатын қолданылу мерзімін бір жылға дейін ұзарту қажет.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 74-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, тыйым салынған мүлікті өткізу сот орындаушысы тарапынан атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бірыңғай электрондық сауда алаңында не уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Республикалық палата таңдайтын бірыңғай электрондық сауда алаңында электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүзеге асырылады.

Сот орындаушысы мүлікке тыйым салғаннан және оны бағалағаннан кейін, бірақ мүлікті өткізгенге дейін бағалау туралы есеппен таныстырумен бір мезгілде борышкердің жазбаша өтініші бойынша оған бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бір жылдан аспаған жағдайда, есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша тыйым салынған мүлікті бір айдан аспайтын мерзімде өз бетінше өткізу құқығын береді. Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу рәсімдерін тоқтата тұруға негіз болып табылмайды. Тұрғын үйді өз бетінше өткізу мерзімі үш айды құрайды, осы кезеңде мүлікті сауда-саттыққа шығаруға болмайды. Тыйым салынған мүлікті өз бетінше өткізу құқығын борышкер бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір реттен артық пайдалана алмайды.

Аталған норманы жеке сот орындаушылары қолданады, проблемалық мәселелер туындамайды.

Мысалы, жеке сот орындаушысының орындауында жер учаскелеріне өндіріп алуды қолдану туралы атқарушылық іс жүргізу болған. Жеке сот орындаушысы борышкердің мүлікті өз бетінше өткізу құқығынан бас тартқан. Жеке сот орындаушысының бұл бас тартуы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормаларына сәйкес келмейді деп танылған, өйткені талап қоюшы сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және белгіленген мерзімде сот шешімімен белгіленген бағалау құнынан төмен емес құн бойынша кепілге салынған мүлікті өткізуге құқылы (6001-22-00-6ап/575).

Атқарушылық іс жүргізудің осы кезеңіне қатысты әкімшілік талап қоюлардың ең көп саны аукцион нәтижелеріне шағымданумен байланысты.

Атқарушылық іс жүргізудің осы кезеңінің жоғары әлеуметтік маңыздылығы борышкерлердің өз мүлкінің өткізілуімен келіспеуіне себеп болады.

Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тыйым салынған мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімді сот орындаушысы қабылдайды, ол тиісті қаулы шығарады.

Мысалы, соттар электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманың күшін жойған, өйткені оған осы атқарушылық іс жүргізуге қатысушы болып табылмайтын сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған. Істі қарау барысында мүлікті өткізуге бергеннен кейін атқарушылық іс жүргізудің басқа жеке сот орындаушысына берілгені анықталған (6001-22-00-6ап/156).

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 85-бабының 4-тармағында атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық жүргізілмеуге тиіс екені белгіленген. Егер мүлік электрондық аукцион арқылы өткізілмесе және өндіріп алушы мүлікті өзінде қалдырудан бас тартса, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қабылданады.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық жүргізілмеуге тиіс.

Егер мүлік электрондық аукцион арқылы өткізілмесе және өндіріп алушы мүлікті өзінде қалдырудан бас тартса, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қабылданады. Бұл ретте мұндай мүлікке салынған тыйым осы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алынады.

Мысалы, Халықаралық төрелік соттың шешімімен оны орындау тәртібі мен тәсілі айқындалып, А. және Т.-ға меншік құқығымен тиесілі кепіл мүлкіне өндіріп алуды қолдану тікелей міндеттелген. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алу қолданылған. Осы шешімді орындау шеңберінде сауда-саттық 4 рет өткізілген. Соттар тыйым салынған мүлікті бесінші рет сауда-саттыққа берудің Заң нормасын тікелей бұзатынын шешкен, өйткені бұл норма оның мағынасын екіұшты түсіндіруге жол бермейді және императивтік сипатқа ие (6001-21-00-6ап/5).

Осылайша, Атқарушылық іс жүргізу туралы заң нормаларын сөзбе-сөз түсіндіруге сәйкес, бір атқарушылық құжаттың талаптарын орындау шеңберінде мүлікті өткізу бойынша сауда-саттық екі реттен артық өткізілуі мүмкін емес.

Атқарушылық құжатты бір сот орындаушысының қайтаруы және кейіннен басқа сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғауы сауда-саттықты екі реттен артық өткізу құқығын туындатпайды.

Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптары рәсімнің бұзылуына, сауда-саттыққа қатысушылардың оның нәтижесіне мүдделілігіне сілтеме жасай отырып, сауда-саттыққа шағымданады.

Қағидалардың 20-тармағына сәйкес тұлға бірыңғай электрондық сауда алаңына өтінім келіп түскен сәттен бастап электрондық аукционға қатысушы болады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 80-бабының 2-тармағында электрондық аукционға сатып алушылар ретінде сот орындаушылары мен осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялардың, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушының, сондай-ақ олардың жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының), борышкердің қатысуына жол берілмейтіні көзделген.

Аталған тізбе түпкілікті болып табылады және кеңейтілген түсіндіруге жатпайды.

Мысалы, Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, өткізілген сауда-саттықты заңды деп таныған. Алқа сауда-саттық өткізу кезінде бұзушылықтарға жол берілмегенін анықтаған. Мүлік борышкердің өзі ұсынған құннан жоғары бағаға өткізілген, қатысушылар арасында байланыс анықталмаған, сот шешімі ұзақ уақыт бойы орындалмаған (6001-22-00-6ап/658).

Алайда сауда-саттыққа қатысушылардың бағаны төмендетуге мүдделілігі және сауда-саттық өткізу рәсімінің бұзылғаны туралы жол берілетін әрі дәйекті дәлелдемелер болған жағдайда талап қою қанағаттандырылуға жатады.

Мысалы, өткізуге борышкердің сауда орталығы мен тұрғын үй түріндегі мүлкі берілген. Сауда-саттықтың жалғыз қатысушылары Х. және А. бұрын некеде болған, ортақ балалары бар және бір мекенжай бойынша тіркелген, бұл электрондық аукционның әлеуетті сатып алушылар арасындағы жарыспалылық қағидаты сақтала отырып өткізілгеніне күмән келтіреді және олардың бастапқы бағаны қасақана төмендеткенін көрсетеді. Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Х. және А. қатысушылары сауда-саттық өткізу кезінде жосықсыз әрекет еткенін көрсеткен (6001-22-00-6ап/752).

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 85-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес электрондық аукцион өтпеді деп танылған жағдайда өндіріп алушы өтпеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны бойынша өзінде қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзінде қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп танылады.

Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан жағдайда сот орындаушысы бірыңғай электрондық сауда алаңында тиісті өтінімді қайта орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.

Азаматтық кодекстің 319-бабының 5-тармағына сәйкес сауда-саттыққа екіден аз сатып алушы қатысуына байланысты сауда-саттық өтпеді деп жарияланған кезде кепіл ұстаушы кепілге қойылған мүлікті сот шешімімен немесе бағалау туралы есеп негізінде сенім білдірілген тұлға белгілеген ағымдағы бағалау құны бойынша өз меншігіне айналдыруға не жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге құқылы.

Азаматтық кодекстің 319-бабы мен Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 85-бабының мәнінен сот орындаушысы кепіл ұстаушыдан кепілге қойылған мүлікке меншік құқығын өзіне өткізу құқығын пайдаланғысы келетін-келмейтінін анықтауға міндетті екені туындайды.

Осы рәсімді жүргізу кезінде жасалатын әрекеттердің ашықтығы маңызды. Борышкер өндіріп алушының мүлікті өз меншігінде қалдыру ниеті туралы тиісінше хабардар етілуге тиіс.

Сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы (алаң) қатысушылардың барынша көп санын тарту үшін өткізілетін сауда-саттық туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және мүлікті сату жөніндегі өзге де интернет платформаларында хабарландыру шараларын қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.

Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану атқарушылық іс жүргізудегі сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

ӘРПК;

Азаматтық кодекс;

Азаматтық процестік кодекс;

Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;

Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;

Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген Қағидалар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.

Қолданылған қысқартулар:

ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

Азаматтық процестік кодекс – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

Азаматтық кодекс – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;

Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;

Сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі – АИАЖ;

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы – Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот – МАӘС;

Әділет департаменті (-тері) – ӘД;

Мемлекеттік сот орындаушысы (-лары) – МСО;

Жеке сот орындаушысы (-лары) – ЖСО.

Сақталған қысқартуларды бастапқы нұсқада қалдыр

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Жылжымайтын мүліктің үлесіне өндіріп алу жолымен сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтініш

Жылжымайтын мүліктің үлесіне өндіріп алу жолымен сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы өтінішАлматы қаласы Бостандық аудандық соты________________ ЖСН _______...

Толық оқу »

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің КЕПІЛІ нысанасына өндіріп алу тәртібі

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің КЕПІЛІ нысанасына өндіріп алу тәртібі Кепіл ұстаушының негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талапт...

Толық оқу »

318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiл ұстаушының талаптарын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағат...

Толық оқу »

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілге салынған мүлкінен өндіріп алу негіздері

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілге салынған мүлкінен өндіріп алу негіздері Борышкердің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындам...

Толық оқу »

109-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі

109-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі 1. Жер қойнауын п...

Толық оқу »

86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу 3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу 3-параграф. Дебиторлық берешектен өндіріп алудың ерекшеліктері және мүліктік құқықтарАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының...

Толық оқу »

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi...

Толық оқу »

28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

28-бап. Кепіл нысанасына (өзге де қамтамасыз етуге) өндіріп алуды қолдану немесе бас тарту төлемін алу нәтижесінде сатып алынатын мүлік ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнеба...

Толық оқу »

109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану рәсімі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану рәсімі Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі1. Жер қойнауын пайдалану қ...

Толық оқу »

55-бап. Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi 1-параграф. Негізгі қағидалар 7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУ Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

55-бап. Борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi 1-параграф. Негізгі қағидалар 7-тарау. БОРЫШКЕРДIҢ МҮЛКIНЕН ӨНДIРIП АЛУАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртеб...

Толық оқу »

44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi...

Толық оқу »

168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент төлеу туралы келісім...

Толық оқу »

Дәрменсіз борышкердің мүлкін өндіріп алуға заңнамалық шектеулерді алып тастау оңалту рәсімін енгізу кезінде банкрот деп танылған кезде конкурстық іс жүргізуді қозғаудың салдары болып табылады.

Дәрменсіз борышкердің мүлкін өндіріп алуға заңнамалық шектеулерді алып тастау оңалту рәсімін енгізу кезінде банкрот деп танылған кезде конкурстық іс жүргізуді қозғаудың салдар...

Толық оқу »

Борышкердің мүлкінен өндіріп алу.

Борышкердің мүлкінен өндіріп алу.Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 7-тарауында "негізгі қағидалар" 1-параграфында борышкердің мүлкін анықтауды, тыйым салуды, бағалауды және...

Толық оқу »

251-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесінің мүлкінен өндіріп алу

251-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің меншік иесінің мүлкінен өндіріп алу Түсініктеме берілген баптың 1-тармағының жаңа редакциясы меншік иесінің...

Толық оқу »

56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер мүлкiнен өндiрiп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

56-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер мүлкiнен өндiрiп алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Борышкерде берешектi өтеу үшiн ж...

Толық оқу »

Мүлікті өндіріп алу туралы, мүлікті алып қою туралы, тыйым салынған мүлікті сатуға беру туралы қаулының күшін жою туралы шешімге апелляциялық шағым

Мүлікті өндіріп алу туралы, мүлікті алып қою туралы, тыйым салынған мүлікті сатуға беру туралы қаулының күшін жою туралы шешімге апелляциялық шағымНазар аударыңыз! Заң және...

Толық оқу »

251-бап. Меншiк иесi мүлкiнен ақы өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

251-бап. Меншiк иесi мүлкiнен ақы өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, меншiк ие...

Толық оқу »