Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

  1. Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады.
  2. Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
  3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
  4. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.
  5. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

30-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сыбайлас қатысушының шектен шығуы деп адамның басқа да...

Толық оқу »

30-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушысының шектен шығуы

30-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушысының шектен шығуы Адамның басқа қатысушылардың ниетімен қамтылмаған қылмыс жасауы қа...

Толық оқу »

29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

29-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңСыбайлас қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың...

Толық оқу »

28-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушыларының түрлері

28-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушыларының түрлері 1. Ұйымдастырушы, арандатушы және көмекші қылмыстың орындаушымен бірг...

Толық оқу »

29-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушыларының жауапкершілігі

29-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмысқа қатысушыларының жауапкершілігі 1. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қ...

Толық оқу »