28-бап. "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа)берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Заңы
"Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемінің нормативін (мөлшерін);
2) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төлемінің нормативін (мөлшерін);
3) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің нормативін (мөлшерін);
4) баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға арналған төлем нормативін (мөлшерін) қамтиды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 19 мамырдағы № 314-V ҚРЗ.
Осы Заң ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы