Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2- тармағына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жалғыз атаанасы немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған, одан бас тартқан, атаана құқықтарынан айырылған және олар қалпына келтірілмеген, баланы асырап алуға келісім берген, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабарошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған, белгісіз болған жағдайда кәмелетке толмаған баланы асырап алған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – органдар) жүргізеді.
Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруды қараудың процестік тәртібі ҚР АПК 140-бабының 15-тармағымен процестік кодекспен регламенттелген – көрсетілген санаттың істері бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарауға жатады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабына орай Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар.
Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – органдар) жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысымен Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілген, осы қағидалар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдар арқылы кәмелетке толмағандарға және кәмелетке толғандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары – бұл мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ерекше нысандарына мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылатын мемлекеттік саясат бағыттарының бірі.
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
Орган ата-ана қамқорлығынан айырылудың нақты жағдаяттарын негізге ала отырып, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша қызметті ұйымдастырады, олардың мүдделеріне сүйене отырып балаларды орналастыру нысандарын таңдауды және күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім алу жағдайларына кейіннен бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасына тәрбиелеуге (бала асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат), мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жалғыз атаанасы немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған, одан бас тартқан, атаана құқықтарынан айырылған және олар қалпына келтірілмеген, баланы асырап алуға келісім берген, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабарошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған, белгісіз болған жағдайда кәмелетке толмаған баланы асырап алған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындау және төлеу жүргізледі.
2-тарауға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі белгіленген.
Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді.
Біржолғы ақшалай төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді. Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде бала асырап алуышының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
3-тарауға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару тәртібі белгіленген.
Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.
Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді. Бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, оны қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Сот баланы асырап алудың күшін жойған кезде асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер оны баланың мүддесі талап ететін болса, баланың және оның ата-анасының өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.
Сот баланың мүддесіне сүйеніп, бұрынғы бала асырап алушыларды баланы күтіп-бағуға қаражат төлеуге міндеттеуге құқылы. Баланы асырап алудың күшін жоюға баланы асырап алушылардың және асырап алынған баланың өзара келісімі бар болған, сондай-ақ егер олар тірі болса, ата-ана құқықтарынан айырылмаса немесе сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылмаған жағдайды қоспағанда егер баланы асырап алудың күшін жою туралы талапты қою сәтіне асырап алынған бала кәмелеттік жасқа толған жағдайда баланы асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді. Баланы асырап алудың күшін жою сот тәртібінде жүргізіледі.
Баланы асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншылық және қамқоршылық органының, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Баланы асырап алудың күшін жою туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап баланы асырап алу тоқтатылады.
Сот баланы асырап алудың күшін жою туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеу жері бойынша азаматтық хал актілерді жазу органына соттың осы шешімінен көшірме жіберуге міндетті.
Сот баланы асырап алудың күшін жойған кезде асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес 2015 жылғы қаңтарынан бастап бала асырап алушыларға жетім балаға және атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаға 75 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем тағайындалады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
НП ВС РК Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы 2016 жылғы 31 наурыз №2
44 рет жүктеп алынды